Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Балдәурен» лагерінің жабылуы
13-07-2015 07:40
«Балдәурен» лагерінің жабылуы

Жан жадыратар жаз келді

Асыр салар кез келді,- демекші, балғындардың жазғы сауықтыруына ден қойып, демалысын ұйымдастыру ісін тыңғылықты дайындықпен бастаған гимназия қабырғасында құрылған «Балдәурен»  лагерінде қызықты да пайдалы өткізді. Сәбилердің шат күлкісі шарықтаған 1-маусым балалар қорғау күнінде Алақай мен Балақайдың сахналандырылған қойылыммен ашылған лагерь шымылдығы, қала саябағында барша балаларға ұйымдастырылған мерекелік шарада жалғасты. Лагерьдің жұмысына жауапты болған Жаксыбекова Меруерт Жеңісқызы басқаруымен сауықтыру лагерінде 65 оқушы, яғни 3 топ «Күншуақ», «Чемпион», «ЖасStar» өз демалысын мазмұнды өткізсе, 9 ұстаз олардың осындағы күндерінің әсерлі болу үшін жағдай жасады. Әрбір күні мән-мағынаға толы болған аталмыш лагерьде оқушылар Балалар шығармашылық үйіне, Жас натуралистер станциясына, музейге, Ш.Айманов атындағы кинотеатрға, жағажайға саяхатқа шығып уақыттарын көңілді  өткізді. Күнделікті сауықтыру гимнастикасы, қымыл-қозғалыс және тоғыз құммалақ, шахмат ойындары өткізілді. Әр күн сайын қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ «Рәміздер күні», «Тапқыр достар», «Қазына іздеушілер», «Дарабоз», «Стартинейджер», «Шебер қолдар», «Мен-чемпион» атты сайыстар өткізілді. Осындай балалардың көңілдерін марқайтып, ширақ демалуға бағыттаған бағдарлы лагерь өз жұмысын 10 шілдеде жабылу салтанатымен тәмамдады.

Меруерт Жаксыбекова

Ақсу қаласының дарынды балаларға

 арналған мамандандырылған гимназия мұғалімі