Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Мектептегі кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыру
16-05-2015 09:30

Қазіргі кезде қоғамның білім деңгейі мен интеллектуалдық әлеуеті халық байлығын құрайтын маңызды сипатқа ие, ал адамның білімділігі, кәсіби икемділігі және қолайсыз жағдайларда әрекет ете білуі  жалпы дамудың негізі бола  алады. Жалпы орта білім алу білімін одан әрі жалғастыру мамандық  таңдау, соған сәйкес кәсіби білім алу және өмірде таңдаған мамандығың арқылы табысқа жету әрбір адамның тілегі деуге болады.Бірақ  дұрыс таңдау жасауда оқушылар неге сүйенеді екен?

·         Ата-аналардың кеңесі

·         Материалдық ахуал

·         Достарының ақылы

·         Мамандықтың бедел,абыройы

·         Өзінің бейімділігі мен қабілеті

Түлектерді қазіргі кездегі қажетті ,неғұрлым сұранысы бар мамандықтар қызықтырады. Бастысы өзіңе ұнайтын мамандықты таңдау емес, қолжетімді жоғары білім алу, жұмыс табу болып қала береді.

Сондықтан мектептегі мамандыққа бағдарлау мәселесі өз өзектілігін жоғалтқан емес.

Біріншіден мектептің басты мақсаты жан-жақты дамыған,адамгершілік құндылықтары бар азаматты қалыптастыру. Бұл түлектеріміздің болашақта немен айналысатынына, қандай мамандықты таңдатынына тікелей байланысты. Екіншіден сауатты жүргізілген мамандыққа бағдарлау жұмысы жоғары сынып оқушыларымен кездесетін қиыншылықтарды шешудің бір жолы болып табылады.Болашақ мамандықты таңдау-бұл өте жауапты, әрі маңызды  қадам,себебі сол мамандық туралы белгілі білім мен дайындықтың болуын талап етеді.Дұрыс таңдалған мамандыққа болашақ өмірдің мәні мен материалдық жағдайың тікелей тәуелді. Ал дұрыс таңдалмаған мамандық болашақта өзінің қызмет ортасымен,өмір сүру деңгейімен қанағаттанбауға, жеке қабелетінің жүзеге аспауына әкелуі мүмкін.

Мектептегі мамандыққа баулу,бағдарлау жұмысын кімдер жүргізу керек? Әрине әзірге ондай арнайы мамандар жоқ. Сондықтан бұл мәселені шешу психолог,сынып жетекші,пән мұғалімдерінің шешуіне тура келеді. Ең бастысы  мамандардың психологиялық ерекшелік, жоғарғы оқу орнында білім алу, еңбекке орналасу,мансапқа жету, еңбек рыногының негізгі сұраныстары мәселесінде білімдар болуын қажет етеді. Қазіргі ақпараттық технология заманында бұл мәселеге қатысты ақпаратты бақылап,саралауды керек етеді. Мамандыққа бағдарлаудың диагностикалық бөлігі сауалнама, қызығушылықтарын анықтау,қабілеті айқын көрінетін аймағын, бейімділігін анықтау болып табылады. 5-8 сыныптарда – жеке дара ерекшеліктері, бейімділігі анықталса, 9 сыныпта қабілеті менеңбек саламсындағы қызығушылығы, 10-11 – мамандыққа бағыттаудағы қызығушылығы айқындалады. Бұл психолог тарапынан атқарылатын әрекеттер.

Ал жеке оқу пәндері арқылы мұғалімдер өз пәнінің белгілі мамандықпен байланысы туралы ақпараттандыруға, қызығушылығын арттыруға болады.Кәсіпорын,мекемеге бару, мамандық иелерімен кездесулер, еңбек рыногы туралы ақпарат алу, бизнес жобалар жасау,өз жоспарын іске асыру сияқты әрекеттер - сан алуан мамандықпен таныстырудың алғашқы баспалдағы болып табылады.

Қазіргі кездегі ЖОО,колледж,мектеп тарапынан жүргізілетін мамандыққа бағыттаудың басты кемшілігі-болашақ мамандықтың артықшылығы мен кемшілігі, сол мамандық бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігіның болжалды аймағын анықтамауда.Яғни сен инженер мамандығын таңдасаң мынадай кәсіпорындарға орналаса аласың,олар мына қалаларда орналасқан,олардың қазіргі даму жағдайы осындай деген  ақпараттық жоқтығы.Қазіргі кезде қайта даярлау курстары арқылы кейбір маман иелерін басқа мамандықтарға оқыту жүргізілуде.Оған мемлекет қаржы бөліп отыр.

Сондықтан мамандық таңдауда жақын мамандықтар туралы ақпарат беру, болашақта өзінің кәсіби білімі мен білігі арқылы мамандықты ауыстыру мүмкіндігін береді.

12 жылдық білім берудің басты мақсаты тез өзгермелі ортаға бейімделгіш ,жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады.Білім беруді әлемдік деңгейге жеткізуде бастауыш және орта білім беруде оқушыларды мамандандыққа бағдарлауды енгізу көзделген.

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары:   Гульбану Бакирбекова