Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Құқықтық-патриоттық бағыт
14-02-2013 07:21
Құқықтық-патриоттық бағыт

 

Мақсаты: Өз елінің лайықты азаматын тәрбиелеуде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Елжанды, өз туған елінің тарихы мен мәдениетін дәріптейтін  тұлғаны тәрбиелеу.

Құқық бұзушыларға қарсы тұруға дайындығын қалыптастыру.

 

Қазақстан Республикасында Бала құқығын қорғау  бағытындағы заңнамалар:

•         Бала құқығы Конвенциясы

•         Жалпыға бірдей Адам құқығының  декларациясы

•         Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз

•         Қазақстан балалары бағдарламасы 2007 жылғы 21 желтоқсан

•         Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы

•         2002 жылғы 8 тамыз "Неке және отбасы"  Заңы 26 желтоқсан 2011 жыл

•         Қазақстан Республикасының  "Құқықбұзушылықтың алдын алу"  Заңы  2010 жылғы 29 сәуір

•         Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы

•         ҚР оқушы  жастарға  құқықтық білім беру  тұжырымдамасы

 

Оқушылар бойында  өз еліне деген патриотизмды ұялату арқылы отансүйгіштікке баулу,

адамгершілік-рухани қасиеттерді тәрбиелеу арқылы жан-жақты дамыған, көптілді

бойында жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтары қалыптасқан ұлтжанды азаматты қалыптастыру

 

Шаралар

- «Бала құқығы-адам құқығы» онкүндік акциясы шеңберінде өткізілген шаралар:

-«Бала құқығын қорғау конвенциясы – басты құжат» атты танымдық бағдарламасы;

- «Сен өз құқығың туралы не білесің?» тақырыбында эссе;

-Балалар құқығын қорғау конвенциясы: Бұны білу парызың»  құқықтық сауаттылықты дамыту сағаты;

- «Үздік құқтанушы» сайысы өтті;

-«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алудағы отбасы ролі» тақырыбында дөңгелек стол;

- «Бала еңбегін қолдану мен қанау» тақырыбында суреттер сайысы;

      - Құқықтық білім әміршісі» атты 5-10 сыныптар арасында зияткерлік-танымдық ойын сайыс.