Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Балаңыз есірткі қолдана бастағанына сезіктенсеңіз... (ата-аналарға кеңес)
19-03-2013 12:14

Балаңыз есірткі қолдана бастағанына сезіктенсеңіз...

Ең алдымен күдігіңізді балаңызға әдеп сақтай отырып, ақылмен айтыңыз. Алдын ала барлық  ойыңызды ақылға салып, отбасы мүшелерімен талқылағаныңыз жөн.. Егер есірткі қолданудың бір ғана емес,бірнаше белгілері байқалған жағдайда ғана балаңызға өз күдігіңізді айтасыз. Бұл қандай белгілер?

1.  Балаңыз үйде жиі болмайды.Себебін түсіндірмейді,не болмаса мағынасыз сылтау ойлап табады.Сіздің қайда болғанын анықтағыңыз келген сұрағыңызға, ашуланып, наразылық білдіреді.

2.  Ол жиі өтірік айта бастады. Тек үйде болмағаны туралы  ғана емес, сабағы, жұмысы,достары т.б туралы да. Бара-бара өтірігі шындыққа да жанаспай кетеді.

3.  Аз уақыт ішіде бұрынғы достарын көрмейсіз,оның жаңа достары пайда бола бастады. Егер сіз «Досың Марат көрінбей кетті ғой,-деп сұрасаңыз,балаңыз оның бос емес екенін айтып, сылтау табады. Ал жаңа достарын сіз мүлде көрмейсіз, не олар 1,2 минутка ғана кіріп, есік аузында ақырын ғана бір нәрсе туралы сыбырласып,тез кетіп қалады.

4.  Балаңыздың телефон арқылы жасырын, құпия  қоңыраулары көбейіп кетті. Ал балаңыз кімнің қоңырау шалғанын түсіндірмейді, сөйлескен кезде, сізге түсініксіз, таныс емес сөздерді қолданады.  

5.   Балаңызды отбасылық мәселелер қызықтырмайды.Сіз туысыңыздың ауырып қалғанын, не қиындыққа тап болғанын айтқанда, ол тек тыңдап отырған сыңай танытады. Негізінде ойы басқада. Сізге сенімсіздік танытып, өте  суық қарайды.

6.   Сіз балаңыздың көңіл-күйі өте тез өзгеретінін байқайсыз. Көбіне себепсіз ашушаңдық,айғай. Қазір ғана көңілді болып отырса, телефонмен аз ғана сөйлескеннен кейін қабағы түйіліп, ешкіммен сөйлеспей, түксиіп алады.

7.   Өзіне ұнаған,қызықтырған нәрселер енді оны қызықтырмайды. Кітап оқымайды, теледидарды өте сирек көреді. Сабаққа дайындалып отырған сыңай танытады.Бірақ тек кітапқа қарап отырады, ал ойы басқада.

8.   Оның күн тәртібі де өзгерді.Кейде күні бойы ұйықтайды, кейде түні бойы ұйықтамай, бөлмесінде әрі-бері жүргенін естисіз..

9.  Үйіңізде ақша, құнды заттар жоғала бастады. Әрине бас кезінде бұл жағадайлар өте сирек болса, кейіннен  жиілей түседі. Бұл барлақ нашақорлардың басынан өткен жағдай.

10.  Сіз жиі балаңыздың  масайып келгенін байқайсыз. Жүрісі теңселе, көзін төмен түсіріп, ешкімге көрінбей бөлмесіне кіріп кетуге тырысады.

Бұл белгілердің кейбіреуі балаңыздың психологиялық қиыншылықтарға,не ауруға шалдыққанының белгісі болуы да мүмкін. Сондықтан өз күдіктеріңіз туралы саналы ойланып, маманмен кеңесу қажет.

Жастардың арасында есірткіге әуестік көп ретте білместіктен басталады. Жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне иланғыш келеді. Олар жас болғандықтан қоршаған ортаның әр сипатты әрекетіне адам ойына келмейтін жауап кайтарады. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жеңілтектік, жан-дүние, мінез-құлық пен дүниетанымның толық калыптаспағандығы, иланғыштық, кері әсерге еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруді тудыратын себептер. Бұзақылар арасына түсудің де себептері көп:

* отбасындағы кикілжің, түсінбеушілк, ұрыс                                                              

* ата-аналардың, мұғалімдердің бала бос уақытын калай өткізетініне назар аудармауы да, тіпті баланың қолында артық ақшаның жүруі                                                                    

* Кеш болысымен жиналатын жасөспірімдер музыка тыңдап, бейне таспаларын көріп немесе көше кезіп уақыт өткізеді.

Ал бұл болса адамның ішін пыстырады. Қазір спорт, музыка, өнер мектептерінде оқу қымбат, барлық ата-ананың қаржысы жете бермейді. Сөйтіп күндердің күнінде топқа бұрын есірткінің дәмін татқан "білгіш" қосылады. Бір ерекшелігі нашақорлар басқаларды есірткіге әуестендіру әрекетін әдейі жасайды. Өйткені нашақор еңбек етуге дәрмені жоқ адам, ол есірткі сатып алуға қажетті ақша іздейді де жүреді. Нашақор қаражатты ұрлықпен табудан басқа амалын білмейді, ал ұрлык әрдайым жазасыз болмайды. Сондықтан нашақор ата-анасы ауқатты жасөспірімдерді есірткіге әуестендіруге, соның арқасында өзінің "қамын" ойлауды мақсат етеді. Нашақордың жасөспірімдер тобына қосылуының себебі де сол. Ол алдымен наша шегуді немесе ес ауыстыратын дәрі ішуді ұсынады. Еліктегіш жастар дәм тата бастайды. Олардың бірі қызық көруді қаласа, екіншісі басқалардан қалмауды, тағы бірі өзін ересек көрсетуге тырысуды, ендігі біреуі бар қиындықтан қашып, ләззат аламын дейді. Бара-бара жасөспірім есірткінің құлына айналады.Есірткінің   ерекшелігі сол, адам оған бір-ақ рет дәмін татқаннан кейін әуес болып калады. Танысы, бір рет дәмін татсаң немесе иіскесең, шексең нашақор болмайсың, қиындықтардың барлығын ұмытасың, ләззат аласың, жаның тыныштық табады деген арбау сөздерімен нашақорлық жолына тартады. Ал әлеуметтік қиындықтардан, отбасындағы ұрыс-керістен, жұмыссыздықтан немесе қызметіндегі жанжалдан шаршаған азамат қиындықтан аз уақытқа болса да "қашып кетуді" ойлап, есірткінің дәмін татып, нашақор санатына қосылғанын білмей қалады.

Бала тәрбиесінде екі жақтың қақтығысына, тайталанасы,қарама-қарсылыққа жол берілмейді.  Тек баланың тағдырына деген шынайы жанашырлық, серіктестік,шыдамдылық пен түсінушілік  қана дұрыс нәтиже береді...

  • Жасөспірімдік шақта бала ата-анасының өміріне баға бере бастайды.

       ·   Олардың қарым-қатынасын, әрекетін, сыртқы пішінін, жүріс-тұрысына дейін талқылайды,салыстырады.

       ·   Бұл салыстырудың нәтижесі екеуіңіздің қарым-қатынастарыңызға тікелей әсер етеді. 

1-кеңес

       ·   Сондықтан балаңыздың алдында беделіңізді төмендеткіңіз келмесе,бағалануға дайын болыңыз.

  • Балаңызбен қарым-қатынастағы ең бастысы өзара түсінушілік.
  • Оны орнату үшін өзіңіз  ниет танытып, өкпе, реніш  сақтамауыңыз керек. 

2 -кеңес

  • Балаңыздың барлық бастамаларын қолдап, өз күшіне сенімділігін арттырыңыз.Кемшілігін байқасаңыз да, өзіне тән қжақсылықтаорының да бар екенін айтып отырыңыз.
  • Ата-аналардың басты ұстанымы– баласының бойында сенімділік позициясын қалыптастыру 

3-кеңес

 ·  Таң қалдырыңыз - есте қалады. Күтпеген және жағымды әсер қалдыратын адам баласы үшін қызықты,әрі абыройлы болады.

·       Ата-ананың өмірі,  күнделікті әдеттері,көзқарасы балаға ұзақ ақыл айтудан гөрі  үлкен әсер етеді.

4 -кеңес

·         Ата-аналардың кейбір тақырыпта әңгімелесуден қашқақтауы,балада осы тақырыпқа тыйым салынған деген ой қалыптастырады.

  • Сіздің жалтарма не бұрмаланған жауабыңыз бала бойында мазасыздықты тудырады

5 - кеңес

  • Егер сіз балаңыздың пікірін елеп-ескермей, қателік жасағаныңызды түсінсеңіз,ең алдымен өзіңізге, сосын балаңыздың алдында мойындауға қорықпаңыз.  Бұл қателігіңізді қайталамауға тырысыңыз. Себебі сенімділікті жоғалту оңай,ал қалпына келтіру ұзақ,әрі қиын