Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
«Жол ережесін білейік»
27-03-2015 06:17
«Жол ережесін білейік»

Көктемгі каникул күндері гимназияда оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі шаралар өткізілуде. 26 наурыз күні 1 сынып оқушыларына арналған «Абайла, балақай» атты жол жүру ережелеріне арналған сайыс өтті. 1«а» және 1«ә» сынып оушылары «Белгілер нені білдіреді?»,  «Велосипедпен жолды өтіп көр!», «Белгілер сыр шертеді», «Кім жылдам», «Онлайн ойыны» атты бекеттерден өте отырып, жолда жүру ережелерін меңгеріп, білетіндерін пысықтап өтті. Сайыс барысында оқушылар жаяу жүргінші жолы, велосипедпен жүру жолы, машинаға арналған жылдамдық белгілері, жерасты жолы, аурухана белгілерін танып, жедел жәрдем шақыру сияқты дағдыларын қалыптастырды. Ал оқушыларды жол полициясы міндетін атқарған аға тәлімгер мен ата-аналар бағыттап отырды. Сайыс соңында оқушыларға «Жол ережесінің білгіші» атты төсбелгі мен шағын ережелер кітапшасы таратылды.