Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Еліме шуақ бер, әз-Наурыз»
19-03-2015 10:21
«Еліме шуақ бер, әз-Наурыз»

Наурыз мерекесі қарсаңында гимназияда «Еліме шуақ бер, әз-Наурыз» атты мерекелік шара өткізілді. Әрбір сынып «Наурызша», «Бәйшешек», «Қызғалдақ» сияқты ауылдарға бөліне отырып, мерекелік дастархан әзірлеу, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, бата жаттау, ұлттық ойындарға қатысу сияқты сайыстарға түсті. Шара барысында Қыдыр баба  балаларға өзінің Наурыз батасын беріп, Наурыз қыз көктемнің шуағындай жырларын арнады. Мерекелік шараның шымылдығын 11 сынып оқушылары «Мерекем» әнімен ашты. Сондай-ақ 10 сынып оқушылары ежелден келе жатқан «Ұйқы ашар, селт еткізер», 9 «ә» сыныбы «Көк отырғызу, ақ бүрку», ал 8 сынып «Шырақ жағу» сияқты дәстүрлерді сахналады. 5-сынып оқушылары болса, «көрімдік беру, байғазы сұрау, ерулік жасау, тоқымқағаз» сияқты дәстүрлерді насихаттайтын көріністі тамаша сахналай алды. Барлық ауылдарға  9 «а» сыныбы наурыз көжеден дәм татқызып, 5 сынып оқушылары әсем әнін арнады. 5-7 сынып оқушылары арасында наурыз бата жарысы өткізіліп, 7а сынып оқушысы Мусаипов Ануар жеңіске жетсе, қамшы алу ойынында 6  сыныптың оқушылары Айдаргалин Алижан,  Қабыкен Жандос, Мукышев Жанболат, 5-сынып оқушылары Шахман Аңсар, Тельжанов Жасұзақ  жеңіске жетсе, білек күшін сынауда 10 сынып оқушысы  Асқарбек Әділге ешкім тең келмеді. Наурыз мерекесі барысында бишілер  қаражорға биімен, әншілер «Дәстүрлер», «Қазақы дастархан» әнімен қатысушыларды қуантып жатты. Мерекелік іс-шаралар әрбір сыныпта жалғасын тапты.