Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Инновациялық-педагогикалық идеялар» облыстық фестивалінің жүлдегерлері
24-11-2014 08:02
«Инновациялық-педагогикалық идеялар» облыстық фестивалінің жүлдегерлері

2014 жылғы 21 қарашада АҒТО «Ертіс дарыны» ұйымдастыруымен Павлодар қаласының №29 ЖОБМ-де «Инновациялық-педагогикалық идеялар республикалық фестивалінің облыстық кезеңі» өткізілді.

Фестивальға мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру, қосымша білім беру ұйымдарының 57 педагогикалық қызметкерлері мен ұжымдары қатысты. Педагогтар инновациялық білім беру бағдарламалары мен жобаларын Білім саласындағы менеджмент жүйесі, қоғамдық-гуманитарлық және эстетикалық бағыттар, жаратылыстану-математикалық бағыты, қосымша білім беру бағдарламасы, мектепке дейінгі білім беру және тәрбие жұмысы бойынша ұсынды. Фестивальдің қорытындысы бойынша гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Бекбасова Бахтула Шариповна тәрбие бағыты бойынша І орынға және информатика пәнінің мұғалімі Баядилова Асем Канатовна физика-математикалық бағытындағы пәндер бағыты бойынша ІІІ орынға ие болды. Ұстаздарды жеңістерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар және жаңа жеңістер тілейміз.