Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
ҚР халықтарының Тілдері күнін мерекелеуге арналған айлықтың қорытындысы. 2014-2015 оқу жылы
01-10-2014 11:22

Мақсаты: «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңын орындалуын қадағалау, оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру негізінде іс-шаралар ұйымдастыруы.

Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясында 2014 жылдың 2-27 қыркүйек аралығында «Тілдер айлығы» шеңбері өткізілді. Қазақстан Республикасында тілді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған жаңа мемлекетті бағдарламасын қарастырып зерттеуі, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, кітапханада «Тілдер керуені» тақырыбына кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстан халқы Тілдер күнін мерекелеу барысында  «Балауса» ақпараттық радио орталығы «Тіл – алтын қазына» радиохабарлары өткізілді.

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы шеңберінде Сайын Мұратбековтің  шығармашылығына  арналған  кітапханада «Саин Мұратбеков. Жусан иісті дара талант» атты кітап көрмесі (жауапты: Ж.Жармағамбетова), 3-10 сыныптар арасында  мәнерлеп оқу сайысы (жауапты: Аубакирова А.И., Дүйсембаев Ә.Қ.)  өткізілді.

10-27 қыркүйек аралығында  «Тілдер үштұғырлығы» атты сыныптан тыс іс-шаралар жоспарланып, өткізілді.  Олар: 3- сыныптар арасында «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» (Ахметжанова Қ.Т.),

3-4 сыныптар арасында «Қызықты ағылшын» атты зияткерлік ойыны (Уажанова Б.Б), 4- сыныптар арасында «Занимательный русский язык» зияткерлік ойыны (Бекбасова Б.Ш.),  6-7 сыныптар арасында «Алтын сақа» сайысы  (Нургалиева Д.А., Шапауова Ә.С.), 8-9 сыныптар арасында «Миллион кімге бұйырады?» зияткерлік ойыны, 9- сыныптар арасында «Тіл білгірі» атты зияткерлік ойыны (Дүйсембаев Ә.Қ.) өткізілді.  Барлық өткізілген іс-шараларда оқушылар  қазақ, орыс, ағылшын  тілінен, логикадан, әдебиеттен өз білімдерін көрсете білді.

Сонымен қатар 23-қыркүйек күні «Тілім – тірлігімнің айғағы» атты Тілдер айлығының қорытынды фестивалі (жауаптылар: Нургалиева.С.Е., Хуаныш Ж., Бекбасова Б.Ш., Есенгожина А.Е) болып  өтті. Фестиваль өте жоғары деңгейде өткізілді. Оқушылар мемлекетіміздің дамуы  және одан әрі көркею үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеру керектігін және осы тілдерде, сонымен қатар қытай тілінде  тақпақтар айтып, тілге деген құрметтерін білдірді. Ерекше мәнерлеп оқу шеберлігімен көзге түскен оқушылар Ералиева Ақбота 3ә сынып оқушысы, Успанова Аймира 5а сынып оқушысы және 8-сынып оқушысы Замирбек Серікболды атап өтуге болады.  Тілдер айлығында өткізілген барлық іс-шаралардың жеңімпаздары осы фестивалде марапатталды.

Тілдер айлығына гимназия оқушылары мен ұстаздары  белсенді қатысып, барлық іс-шаралар өз деңгейінде өткізілді.

Нұсқау:

1.      Шығарма сайысының деңгейін арттыру.

2.      Тілге дарынды оқушылармен жұмысты ары қарай жалғастыру.

3.      Гимназия сайтындағы «Тіл – ұлттың жаны» тарауындағы «Ана тілім әлдилесін ғаламды», «Жыр – менің жалғыз тарланым» атты бөлімге оқушылардың шығармашылық жұмыстарын салу. Жұмысты жүйелі түрде жүргізу. Қараша айына дейін.

                                                     Көптілділік жөніндегі директордың

                                                   орынбасары м.а. Р.Т.Ержинбаева