Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
«Мектепке жол» акциясы жалғасуда
10-09-2014 11:48
«Мектепке жол» акциясы жалғасуда

1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. Оның мақсаты – әлеуметтік көмекті қажет ететін аз қамтамасыз және көп балалы отбасыларға әлеуметтік және қаржылай көмек көрсету. Біздің гимназиямыз да әрбір оқушыны оқу құралдары мен қажетті киім-кешекпен қамту мақсатында осы акцияға белсене қатысып,  бірнеше шаралар атқарды. Ұжым мүшелері, түрлі кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерге акцияға қатысып, аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмектесуге үндейтін, әрі акцияның мақсатын түсіндіретін қолдау хаттар таратты. Соның нәтижесінде «ЕЭК» АҚ 14 оқушыны спорт және мектеп формаларымен, қысқы киімдермен толық қамтыды. Балаларын мектепке дайындауға қомақты қаржы бөліп, көмектескендері үшін ата-аналар мен гимназия ұжымы «ЕЭК» АҚ Президенті А.А.Рустамбаевқа  алғысын білдіреді.

 гимназияның аға тәлімгері   М.Жаксыбекова