Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Гимназияда қорытынды әдістемелік кеңес өтті
30-05-2014 16:36
Гимназияда қорытынды әдістемелік кеңес өтті

2014 жылдың 26-мамыр күні гимназияда қорытынды әдістемелік кеңес өтті. Әдістемелік кеңесте директордың ғылым жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы  К.Б.Тулеубаеваның жыл бойы істелген жұмыстар бойынша есебі тыңдалды. Жаңа талапқа сай мұғалімдер  «7 модуль кіріктірілген сабақтар үлгісі», «Сындарлы оқыту бағдарлама бойынша тізбектелген сабақтар», «Жана форматта кәсіби даму» жинақтарын ұсынды, әр әдістемелік бірлестік көрме ұйымдастырды.  Гимназия директоры М.А.Касенова 2013-2014 оқу жылының қорытындысы бойынша бұйрықпен таныстырып өтті. Мектепішілік рейтинг қорытындысы бойынша экономика және құқық негіздері мұғалімі Сыздыков А.Ж., бастауыш сынып мұғалімдері арасында Елубаева М.С. «Үздік жыл мұғалімі», Алькеева З.А. «Үздік жыл сынып жетекшісі»,  Кыдралин Қ.Т. «Үздік жас маман» болып атанды. Оқу-тәрбие сапаларының негізгі көрсеткіштері бойынша Ү.К. Мұханова «Ұлағатты ұстаз», К.Б. Тулеубаева, Б.Ш.Ибраева, Ә.С.Шапауова - «Олимп» шыңына жетелеуші», Ә. Қ. Дюсембаев «Озат іскер», Д.Н Зембаева «Шығармашыл ұстаз» номинациясына ие болды. Аталған мұғалімдер Құрмет грамоталармен марапатталды және оларға  бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ауыспалы кубок «Үздік жыл әдістемелік бірлестігі» жаратылыстану әдістемелік бірлестігіне берілді. Білім саласында жеткен жетістіктері үшін және кәсіби шеберлігін жаңашыл педагогикалық идеялармен толықтырып отыратын шығармашыл, іздемпаз ұстаздарға алғыс жарияланып, еңбек кітапшаларына жазылды. Олар:

1. Альдекенова Анар Тойлыбайқызы - тарих мұғалімі

2. Қадырбаева Гүлжахан Райымқызы – бастауыш сынып мұғалімі

3. Нурғалиева Дария Амантайқызы – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

4. Дембельбаев Нұржан Арыстанбекұлы – денешынықтыру мұғалімі

5. Джамалбаев Мейрам Сағатұлы – алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі

6. Бекбасова Бахтула Шәріпқызы – орыс тілі мұғалімі

7. Смагулова Айзат Есқазықызы – ағылшын тілі мұғалімі

8. Амренова Арман Балғабайқызы - бастауыш сынып мұғалімі

9. Нұрғалиева Салтанат Еркіновна - ағылшын тілі мұғалімі

10. Абылгазина Эльмира Турагуловна – информатика мұғалімі

11. Баядилова Әсем Канатовна - информатика мұғалімі

12. Сабиғанова Сания Акашевна - ағылшын тілі мұғалімі