Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Соңғы қоңырау – 2014
27-05-2014 12:44
Соңғы қоңырау – 2014

2014 жылдың 25 мамыр күні гимназияда  оқу жылының  аяқталуына орай “Сыңғырла тағы да, соңғы қоңырау” атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға қалалық маслихат хатшысы Омаргалиев Мәдениет Қабылдаұлы, ардагер ұстазымыз Сламбекова Рымкеш Хамитқызы, оқушылар, ұстаздар, ата-аналар қатысты. Мектеп директоры Мария Абдуқадырқызы оқушылар мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, ақ тілегін жеткізді. Келген қонақтар ұжымды, түлектермізді, ата-аналар мен оқушыларды  оқу жылының аяқталуымен  құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.  Биылғы оқу жылында 11-сыныпты 20 оқушы бітіреді. Түлектеріміздің алғашқы  мұғалімі Ахметова Меруерт Айтымовна,  сынып жетекшісі Абылгазина Эльмира Турагуловна да  түлектерге өз тілектерін білдірді. Ал 11-сынып оқушылары болса, өздерінің кішкентай ізбасарлары 1- сынып оқушыларына білімнің қайнар бұлағы энциклопедияны сыйға тартса, 11 жыл бойы білім нәрін берген ұстаздарына  өздері шығарған өлең шумақтары мен гүл шоқтарын ұсынды. «Білім кілтін» 11-сынып оқушылары Садуов Еламан мен Шаймерден Әсия 10-сынып оқушылары Қабылда Әлібек пен Қайыржанова Адияға табыс етті. Салтанатты жиын түлектеріміздің әсем вальсімен, ата-аналардың ізгі ниетімен жалғасты. Қоңырау соғу рәсімі облыстық ғылыми жобалалар сайысының  жүлдегері, «Инновациялық Павлодар -2014» инновациялық жобалар сайысының жеңімпазы және ИнЕУ-де оқу грантының  иегері 11- сынып оқушысы Тлеумов Даниял  мен оқу үздігі 1-сынып оқушысы  Олжабаева Аялаға берілді. Салтанатты жиыннан соң түлектеріміз әсем шарларды көкке самғатты.