Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Кішкентай Мисс және Мистер - 2014»
16-04-2014 12:42
«Кішкентай Мисс және Мистер - 2014»

14 сәуір күні қалалық  Балалар шығармашылық үйінде «Кішкентай Мисс және Мистер - 2014» сайысы өтті. Сайыстың ережесі бойынша қатысушылар өздерін таныстырып,  қыздар табиғи материалдардан киім үлгісін дайындады, ал ұлдар  «Өскенде мен қандай мамандық иесі боламын?» тақырыбында түсірілген бейнежазбаны ұсынды.  Сонымен қатар бүлдіршіндеріміздің әр қайысысы  өз өнерлерін паш етті. Сайысқа гимназияның 1-сынып оқушысы Олжабаева Аяла мен 2а-сынып оқушысы Алимжанов Әлібек қатысқан еді. Біздің оқушылар өз өнерлерін жоғары дәрежеде көрсете білді. Сайыстың қорытындысы бойынша Олжабаева Аяла «Гран-при» жүлдесіне ие болып, «Ақсудың кішкентай ханшайымы» атанды,  ал Алимжанов Әлібек «Мистер талант» номинациясымен марапатталды.  Сайыска оқушыларды дайындаған сынып жетекшілері Аубакирова Акмарал Имантахуовнаға, Аманжолова Сауле Галиевнаға, музыка мұғалімі Омаргалиева Әсемгүл Қаршығақызына және ырғақ мұғалімі Зембаева Динара Негматулловнаға алғысымызды білдіреміз. Ал қатысушыларға өнерлерің өркендей берсін демекпіз.