Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
"Инновациялық Павлодар - 2014" атты инновациялық жобалар сайысының жеңімпазы
12-04-2014 09:24

ИнЕУ-де ақпан-наурыз айлары аралығында Павлодар облысы мектептерінің 9-11 сыныптар оқушылары арасында «Инновациялық Павлодар - 2014» атты инновациялық жобалар сайысы өткізілді. Сайыстың қорытындысы бойынша гимназияның 11-сынып оқушысы Тлеумов Даниял жеңімпаз болып атанды және Инновациялық Еуразия университетінде оқу грантын иеленді. 10-сынып оқушысы Успанова Айгерим Жеңімпазды марапаттау рәсімі 11-ші сәуір күні «Ғылым мен білімнің интеграциясы – болашаққа қадам» ғылыми-практикалық конференциясының қорытынды мәжілісінде өткізілді.  Ақпан-наурыз айлары аралығында өткізілген конкурс үш кезеңнен тұрды.  Конкурс арасында ИнЕУ-дің оқытушылары бизнес-жоспарды жазу бойынша екікүндік тренинг және семинар өткізді. Конкурс барысында қатысушылар өздерінің жобаларын ұсынып,  бизнес-жоспарларын қорғады. Даниялды және оның жетекшісі Абылгазина Эльмира Турагуловнаны жеңістерімен құттықтаймыз! Бұл конференцияға гимназиядан 10-сынып оқушысы Успанова Айгерім қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі Кыдралин Куаныш Толегенович. Оқушыларға және олардың жетекшілеріне ғылыми ізденістерде жаңа табыстар тілейміз!