Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Наурыз – ұлыстың ұлы күні» атты мерекесі
20-03-2014 10:42
«Наурыз – ұлыстың ұлы күні» атты мерекесі

Гимназияда 15.03 күні бастауыш сыныптар арасында «Наурыз – ұлыстың ұлы күні» және 18.03күні 5-11 сыныптар  арасында  «Наурыз- жыл басы» атты мереке өтті. Мерекеге  барлықсыныптар белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Бастауыш сыныптар арасында: 4ә- сынып «Сүйінші», 1-сынып «Бесікке салу», 3ә-сынып «Иткөйлек», 2а-сынып «Той бастар», 2ә- сынып «Тұсау кесу», 3а-сынып «Ашамайға мінгізу», 4а-сынып «Бастанғы» салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетілді. 5-11 сыныптар арасындағы мерекелік кешті 7ә және 8а сыныптың оқушылары ұйымдастырды.   Жарапазан  айтушы бала жиналған қауымды Наурыз тойын тамашалуға шақырудан бастады.  Одан кейін қазақтың салт-дәстүрлері мен ырым- тиымдары туралы көріністер, «Ұлттық киімдер»сән үлгілері  көрсетіліп, «Ұлттық ойындар» сайыстары өткізілді.  

Наурыз мерекесі – Ұлыстың ұлы күні қазақ халқының салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын, мәдениетін жаңғыртып қастерлейтін күн. Ұлыстың  ұлы күні – Наурыз құтты болсын!