Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
ҚР халықтарының Тілдері күнін мерекелеуге арналған апталығы
13-03-2013 12:54
ҚР халықтарының Тілдері күнін мерекелеуге арналған апталығы

 

Мақсаты: Тіл занының орындалуын қадағалау, үш тілде оқыту эскперименті бойынша атқарлып жатқан іс-шаралар, олардың деңгейі, оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру негізінде іс-шаралар ұйымдастыру.

2012 ж. 10-16 қыркүйекте тілдер айлығы шеңберінде Тілдер күнін мерекелеуге арналған «Білім апталығы», ал 17-22 қыркүйекте «Шығармашылық  апталығы» өткізілді. Дүйсенбі мен жұма  - қазақ тілінің күні, сейсенбі - орыс, сәрсенбі - ағылшын, бейсенбі - қытай, сенбі - араб тілдерінің күні деп аталды. Әр күні атап өткен тілде ашық сабақтар беріліп, радиохабар, видеороликтер көрсетіліп, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Балауса» ақпараттық радио орталығы сейсенбі күні «Язык как чудо из чудес», сәрсенбі  күні  «English around us», бейсенбі күні қытай тілінде «Тіл білу – ел білу» радиохабарларды өткізді және «Тіл -достық құралы» видеороликтерді көрсетті.

«Білім апталығы» барысында  қыркүйектің 11 жұлдызы күні орыс тілі пән мұғалімдері Қ.М.Ибрайкина 7-сыныпта «Золотая осень. Предложение», Б.Ш.Бекбасова 4-сыныпта «Пятерки. Имя существительное», Г.К.Курлеутова 5-сыныпта «Чередование согласных», К.Б.Тулеубаева 9-сыныпта «Слово  о полку Игореве» - памятник XII века», қыркүйектің 12 жұлдызы күні ағылшын пән мұғалімдері С.А.Сабиғанова 8 сыныпта «Present Continous. Toy run»,  А.Е.Смагулова 7-сыныпта «Past Simple. Did you gorget it?», Б.Б.Уажанова 2-сыныпта  «What is your name?» тақырыптарында,  қыркүйектің 13 жұлдызы күні қытай тілінің мұғалімі Жайнагүл Хуаныш,  қыркүйектің 16 жұлдызы күні араб тілінің мұғалімі С.Т.Аршабаев ашық сабақтар берді.

«Шығармашылық апталығы» барысында Қ.М.Ибрайкина орыс тілінде «Литературная гостиная», Бекбасова Б.Ш., Уажанова Б.Б, Хуаныш Ж. төрт тілде интеллектуалдық сайыстар өткізді. Тіл білімі, логикадан, ауыз әдебиет тақырыбынан қойылған сұрақтарға оқушылар жауап беріп, қорытынды сапта жеңіске жеткен  15 оқушы марапатталды.

21 қыркүйек күні «Өз тілін - бірлік үшін, өзге тіл - тірлік үшін» атты музыкалық-әдеби фестиваль  өтті. Фестивальді  ұйымдастырған: қазақ тілі пән мұғалімі Нұрғалиева Д.А., ағылшын тілі пән мұғалімі Смагулова А.Е, орыс тілі пән мұғалімі Г.Курлеутова, қытай тілі пән мұғалімі Хуаныш Ж., хореография пән мұғалімі Зембаева Д.С.  Оқушылар қазақ, орыс, қытай ұлттық  киімдерінде би билеп,  ән айтып, төрт тілде (қазақ, орыс, ағылшын, қытай) өлеңдер оқыды. Тіл мұғалімдері сақнаға шығып, әр тілде өлен айтты.  Тіл туралы ұлы ақын-жазушыларымыздың қанатты сөздер, басқа да тіл туралы мәліметтер пернетақтада көрсетіліп, оқушы сезіміне әсер етіп, білімдеріне білім қосты.

Тілдері күнін мерекелеуге арналған апталығына гимназия оқушылары мен ұстаздар белсенді қатысып,  барлық іс-шаралар өз деңгейінде өткізілді.

                Көптілділік жөніндегі директордың орынбасары:  К.Б.Тулеубаева