Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Жол жүру ережесін білейік! Сценарий
08-01-2014 08:09
Жол жүру ережесін білейік! Сценарий

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, проектр, компьютер,маркерлік тақта.

1жүргізуші:  Жолға шықсаң далаға,

                      Жол оңай деп санама

                      Ережені әрқашан

                      Қатаң ұста санаңда.

                      Бөгет болма басқаға

                      Жүрексініп саспа да

                      Жаңылысса көмектес

                      Қарттар менен жасқа да                                                     

2-жүргізуші:  Жасыл жарық жолың ашық жүр дейді

                      Сары жанса дайындыққа кір дейді.

                      Қызыл жарық жанып тұрса алдыңда.

                      Тапжылмастан бір орында тұр дейді.

Сабақ барысы: Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Мақсатын ашып көрсету.

Кіріспе сөз: Ең алғашқы автомобиль немесе өздігімен жүретін арбаны қарапайым шаруа адамы Леонтий Шамшуренков 1752 жылы ойлап тапқан.Оны арнаулы педальді басу арқылы жүргізуге болады.

1764 жылы бу двигателі ойлап табылғаннан кейін автомобиль конструкциясы да күрделене берді. Техника дамыған сайын адам өміріне қауіп те көбейді. Осыған сәйкес жолдажүру ережелері енгізілді. Бұл жол белгілерінің еі ббелгілі түрі – бағдаршам.

1868 жылы Лондон қаласында бағдаршамның семофор типтес түрі пайда болды. 1914 жылы АҚШ-та алғашқы электрлі бағдаршам пайда болды.

Енді бүгінгі тақырып бойынша сынып оқушылары топқа бөлініп сайысқа шығады. Осы топтарды ортаға шақырайық.

Сайыс болған жерде әділ  бағасы берілу керек. Әділ бағаларын беру үшін  арнайы қонақтарымызды таныстырайық.

1. Гүлбану Абусыздыковна

2. Тоғжан Құрмангалиевна

1-топ – «Бағдаршам»

2- топ – «Аялдама»

«Бағдаршам» Ұраны: Қызық жарық жанғанда

                                      Қалт тоқтай қал табанда.

                                     Сары шамы жағылса,

                                     Сақ абай бол  барынша.

                                    Жасыл шамы жол ашық,

                                   Зымырай бер бел асып.

Сәлемдеме: Данышпан ағалар қылған талап,

                     Жол бойын тұру үшін қадағалап.

                    Орнатып қойыпты олар бағдаршам,

                    Жүргіншілер өтсін деп соған қарап.

«Аялдама»   Ұраны:Тоқта, демал, аялда.

                                   Күтеді әлі жол алда.

Сәлемдеме:Жол бойында тұрады аялдама,

                     Жолаушыңды отырғыз аялда да.

                    Жүргізушіден жолаушы өтінеді,

                    Тоқтарсың деп аялдауға таялғанда.                                                           

Сайысымыздың шарттары мынадай:

1.  Жол белгілерінің мағынасын ашу.                                              

2. Велосипед,самокатпен маршрутты өту,тапсырманы орындау                         

3. Белгілерді атауы бойынша маркермен салу                                                      

4. Онлайн ойын                                                                                                         

5. Жол белгілерін құрастыру

І: Жол белгілерінің мағынасын ашу.

ІІ: Бос жол: велосипед,самокатпен маршрутты өту

ІІІ: Белгілерді атауы бойынша маркермен салу

ІҮ. Жол белгілерін құрастыру

Тоқта, жүргінші жолы, велосипедпен жүруге тыйым салынады,автокөлікке жол жоқ

Жол жүру ережесіне байланысты көрініс

Қорытынды: Айналайын абайла

                       Жан-жағыңа қарайла

                       Жолда-жүру ережесін

                       Есте сақта қалайда.

Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз. Жол рержесін әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз. Ал  енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық!