7-9 желтоқсанда Алматы қаласында Республикалық «Айгөлек» телевизиялық фестивалінің финалына, алдағы І,ІІ,ІІІ турларынан сүрінбей өткен, Ақсу қаласы гимназиясының «Айгөлек» би тобы қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді.
Фестиваль Республика сарайының төрінде өтті. Бишілеріміздің өнеріне баға берген әділқазылар алқасында Қазақстан Республикасына танымал әнші Айгүл Иманбаева, өнер қайраткері, жыршы Ұлжан Байбосынова, Жеңіс Ысқақова, мәдениет қайраткері Тәуіржан Рахат сияқты өнер майталмандары болды. Әділқазылардың пікірі бойынша бишілеріміз фестивальге жоғары дайындықпен келіп, «Қарақшылар» биін асқан шеберлікпен орындап, тамаша өнер көрсетті. Бүлдіршіндерімізді байқауға жоғарғы деңгейде өнер көрсетуге дайындаған, ансамбль жетекшісі жоғары білікті маман, өз ісінің шебері, хореограф – Зембаева Динара Ниғматуллақызының еңбегі зор. «Айгөлек» би тобы ІІ дәрежелі дипломмен және 2014 жылы Ресейдің Киров қаласында өтетін Халықаралық «Арт-СОЛО» конкурсына қатысуға сертификатпен марапатталды. Бишілерімізді және жетекшісі Динара Негматулловнаны шын жүректен құттықтаймыз!