Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
«Алматы төріндегі Айгөлектің жеңісі»
15-11-2013 09:17
«Алматы төріндегі Айгөлектің жеңісі»

Әр баланың бойына біткен ерекше таланты болары анық. Соның бірі - би өнері.  Талантты балаларымыздың би өнеріндегі қабілетін шыңдауда елімізде жыл сайын  түрлі байқау, фестивальдер өткізілуде. Солардың ішіндегі шоқтығы биік  тұрған «Айгөлек» телефестивалі. Жыл сайын Республика бойынша ән,  би, дәстүрлі ән айту өнерінің дарындарын  өз қанатының астына жинап, қабілеттерінің шыңдалуына жол ашады.

Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның «Айгөлек» би тобы да биыл осы телефестивальге қатысып, бақтарын сынауды жөн көрді. 27-30 мамыр аралығында  Алматы қаласында өткен Республикалық «Айгөлек» телефестиваліне  үлкен дайындықпен барған бишілеріміз 2 кезеңнен де сүрінбей өткен еді. Енді міне 2-8 қараша күні Алматыда өткен «Айгөлек» фестивалінің 3 турынан және жартылай финалдан өтіп, ақтық мәреге жол тартты. Бүлдіршіндеріміз  байқауда жоғарғы деңгейде өнер көрсете білді. Әрине бұл ансамбль жетекшісі Зембаева Динара Ниғматуллақызының зор еңбегінің нәтижесі. Бүгінгі күні ансамбль мүшелері қазақ биімен қатар татар, өзбек, түрік, орыс , корей, жастар билерін асқан шеберлікпен орындауда. Бишілеріміздің осындай биік деңгейдегі өнер додасына қатысуына демеушілік көмек көрсеткен Евразия энергетикалық корпорациясының президенті А.Рустамбаев пен кәсіподақ жетекшісі С.В Тимошенкоға, Ақсу ферроқорытпа зауытының директорыА.Б. Есенжулов, Ақсу су арнасының басшысы С.Т Жакиповке, Ақсу бекеті басшысыК.А.Ахметовке, Аксу коммунсервис директоры Е.С.Карагаевқа  шексіз алғысымызды білдіреміз.                                                                                            

«Айгөлек» телефестивалінде бишілеріміздің өнерін бағалаған әділқазылар мүшесінде  Қазақстан Республикасына танымал әнші Мөлдір Әуелбекова, Айгүл Иманбаева және  әділқазылар алқасының төрағасы, еліміздің мәдениет қайраткері Тәуіржан Рахат  сияқты өнер майталмандары  болды. Әділқазылардың жоғары бағасын алған бишілерді алда ақтық мәре күтіп тұр. Желтоқсан айының 5-7 күні Алматы қаласы Республика сарайының төрінде өтетін телефестивальдің финалдық концертіне бүлдіршіндерімізге мюзикл қою тапсырылған екен. Ендеше Айгөлек бишілеріне сәттілік тілей отырып,  өнердің биік шыңынан көріне беріңдер демекпіз.

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: Г.Бакирбекова