Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
«Мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт» облыстық конкурсы
24-10-2013 10:00
«Мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт» облыстық конкурсы

2013 жылғы 23 қазанда «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2013 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарына» сәйкес мемлекеттік тіл саясатын ғаламтор жүйесінде кеңінен насихаттау, қоғам өмірінің барлық саласында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт» атты облыстық конкурсының қорытындысын шығарды.

Конкурстың шарттары бойынша облысымыздың қоғамдық өмірінде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін нығайту, қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалын ғаламторда жариялау үшін мемлекеттік тілде ашылған сайттар қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен І орынды Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы «aksu-gymnasium.edu.kz» сайты иеленді. ІІ-орынға Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебі «www.pvlabai10.edu.kz» сайты, ІІІ-орынға Дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты www.pavlodarkyzktl.kz сайты ие болды.