Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
2-сыныптар арасында «Ертегілер елінде» атты сайыс. Бастауыш сынып мұғалімдері С.Г.Аманжолова, К.Т.Ахметжанова. 21.09. 2013 ж.
16-10-2013 16:41
2-сыныптар арасында  «Ертегілер елінде» атты сайыс.  Бастауыш сынып  мұғалімдері С.Г.Аманжолова, К.Т.Ахметжанова. 21.09. 2013 ж.

«Ертегілер елінде»

Мақсаты:Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез-құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, жақсы мен жаманды, адалдық пен зұлымдықты, шындық пен өтіріктің арасын айыра білуге, елін, жерін сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ертегі кітаптарының сөресі, үй, шыршалар.

Қымбатты балалар! Бүгінгі кездесуге келгендеріңіз үшін өте қуаныштымыз. Сіздер бұл мерекеге көптен бері дайындалып: ата-аналарыңмен, әже-аталарыңмен бірігіп ертегілер оқыдыңдар.Ғажайып ертегілер әлемінде жақсылық әрқашанда зұлымдықты жоятынына көз жеткіздіңдер.

Бүгін біз сендермен өздерің оқыған ертегілерелінесаяхат жасаймыз. Қазір сендер өздеріңнің қаншалықты кітапқұмар екендіктеріңді көрсетуге тиістісіңдер.

Ертегілер еліне жету үшін бірнеше кезеңнен өтуіміз керек. Егер әр кезеңнің тапсырмаларын жақсы орындасаңдар біз сендермен «ертегілер еліне» жетеміз.

/Оқушылар екі топқа бөлінеді: 1-і топ - «Ақылдылар», 2-і топ - «Білгіштер»/

1-ші кезең: «Кейіпкерлермен сырласайық».Мұнда ертегіден үзінді ретінде сурет қойылады, ал сендер ол ертегінің атын, кейіпкерлерін тауып, қысқаша мазмұнын айту керексіңдер.

Ойынымыздың екінші кезеңі: «Мен қай ертегіденмін?» деп аталады.

Мұнда ертегі кейіпкерлерінің суреттері қойылады, ал сендер олардың қай ертегіден екенін тауып алу керексіңдер.

Ойынымыздың 3-кезеңі: «Өй-өрісті сергітейік» деп аталады. Бұл кезеңде ертегілерге байланысты сұрақтар қойылады, ал сендер жауап берулерің керек.

1-сұрақ: “Өнердің құны” ертегісінде патшаның ұлына өнердің пайдасы қалай тиді?

2-сұрақ: “Жыл басына таласқан хайуандар” ертегісінде тауық не айтты?

3-сұрақ. “Арыстан мен түлкі” ертегісінде арыстан түлкіні жақынырақ шақырған  кезде түлкі не деп жауап береді?

4-сұрақ .«Түлкі мен қырғауыл» ертегісінде түлкі қандай бұйрық шығарды?

Ойынымыздың соңғы 4-кезеңі: «Кім жылдам?» деп аталады.

Мұнда оқушылар бөліктерге бөлінген бір  ертегіні құру керек.

Осымен ойынымыздың барлық кезеңдерінен жақсы, әрі жылдам өттіңдер. Енді көптен күткен«Ертегілер еліне» қош келдіңіздер! «Жамандық неден болады?» ертегісін тамашалаңыздар!

Жамандық неден болады?

Автор (Томирис)Ертеде орман арасында жалғыз кісі тұрыпты. Бұл кісіден аң, құстар қорықпай, адамша сөйлесіп жүреді екен. Бір күні кісі талдың түбінде жатса, құстар жиналып, сол жерге түнемек болыпты. Аң, құстар өзара әңгімелесті.

Барлығы бірге:

- Осы дүниеде жамандық не себептен болады?

Қарға(Дильназ):-Дүниедегі жамандық аштықтан болады, жүрегің қарайған соң, ешкімді тыңдамайсың. Осы ашаршылықтан біздің қанша жақын туысымыз өлді. Сондықтан аш болмаудың қамын ойлау керек, -деді...

Жылан (Айшат):

- Меніңше жамандық ызақорлықтан болады. Егер дебіз тату тұрсақ, ызаланбас едік. Сонда бізге бәрі де жақсы көрінер еді. Егер де бір нәрсең көңілдегідей болмаса, бек қатты ашуланасың. Ашу кезінде ешкімді аямайсың. Біреуді шақсам екен деп жорғалай бересің. Ақырында біреуді шаққаннан кейін, өзіңді өлтіреді. Міне, жамандық ызақорлықтан болады, - деді.

Бұғы (Санжар) айтты:

-Меніңше, дүниедегі жамандық қорқақтықтан болады. Егер де біз еш нәрседен қорықпайтын болсақ, бәрі де жақсы болар еді. Мен жүйрікпін, күшім көп. Кішкентай аңдарды мүйізіммен сүзіп құлатамын, үлкен аңнан қашып құтыламын. Бірақ ағаштың бұтағы сыбдырласа, қорыққаныңнан есің кетіп қаша бастайсың. Қашып келе жатып құлайсың. Сондықтан қорықпай, батыр болу керек,-деді.

Аққу (Данеля):

-«Ең тәтті де тіл,  Ең ащы да тіл.» - деген қазақ халқымызда мақал бар. Өсекшінің, өтірікшінің тілі қышып тұрады. Өз тілің -ана тілің құрметтемеген, шұбарлап сөйлеген адам – бейшара адам. Бұл тек әдепсіздікке жатады.

Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.-деді.

 Сонда баяғы тыңдап отырған кісі (Айжан) айтты:

-Сендер бәрің де жамандықтың не себептен болатынын дұрыс айттыңдар. Біз адам баласы оны жақсы білеміз. Неге десең, жамандықты да, жақсылықты да көп істейміз. Аштық, ызақорлық, қорқақтық – бәрі де біздің тәнімізді сақтау үшін керек. Бірақ біз тәнімізбен емес, жанымызбен тіршілік етеміз. Егер де біз бәрінен бұрын тәнімізге қызмет қылмай, жан күйіне қызмет етуді тілесек, онда біз аман болар едік.-деді.

Тәрбие сағатына белсенді қатысып, ойының ұшқырлығын, тілінің байлығын көрсете білген балаларды сыйлықтармен марапаттау.

Осымен «Ертегілер елінде» атты тәрбие сағатымыз аяқталды, болашақта өзіміздің ана тілімізде одан да көп қызықты ертегілерді оқитыңдарына мен сенемін!