Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
8-10 сыныптар арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік ойыны. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ә.Қ.Дүйсембаев. 19.09. 2013 ж.
16-10-2013 15:12
 8-10 сыныптар арасында  «XXI ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік ойыны.  Қазақ тілі мен әдебиеті  мұғалімі Ә.Қ.Дүйсембаев. 19.09. 2013 ж.

Мақсаты :1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін,

                     шығармашылық ізденісін байқау.Оқушыларды қазақ тілі мен

                    әдебиет  пәндерінен алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету.

                    2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.  

                    Сөйлеу  шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.

                   3.Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.

Іс-шараның барысы

  1.   Ойынға қатысушылармен танысу.

-    Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бүгін біздің тіл мерекесіне арналған  8-10-сынып  оқушыларының арасында  өтетін «XXI ғасыр  көшбасшысы»  атты  интеллектуалдық ойынға   қош келдіңіздер!

-    Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.

1-ші қатысушы – 10-сынып оқушысы Қабылда Әлібек

2-ші қатысушы – 9-сынып оқушысы Қайыржан Санжар

3-ші қатысушы – 8-сынып оқушысы Жандарбек Жақан

4-ші қатысушы – 8-сынып оқушысы Өмірбекова Айжан

Бұгінгі  әділ бағалайтын әділқазылар алқасымен тансытырып өтейік:  .....

2. Кіріспе сөз.

- Тіл- өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді.Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР азаматының парызы.

 - Бүгінгі интеллектуалды ойын төрт асудан тұрады:

I асу – «Бәйге»

II асу – «Жалғастыру»

III асу – «Жұмбақ»

IV асу –  «Жорға»

I асу – «Бәйге»    Әр ойыншының қолыңда 1-10 нөмірленген карточка. Қай      ойыншы карточкасын бұрын көтерсе, сол жауап береді. Әр  дұрыс жауапқа 10  ұпай  беріледі.

1. «Жүз жасаған жыр алыбы» деп кімді айтамыз? (Жамбыл)

2. Меншіктік мағына беретін жалғау ? (тәуелдік)

3. Тек салдырдан қандай  дауыссыз дыбыстар жасалады? (қатаң)

4. «Тарланым» өлеңінің авторын кім? (Махамбет Өтемісұлы)

5. Тек тең дәрежеде  байланысатын құрмалас сөйлемнің түрін не дейміз? (салалас құрмалас)

6.  Меңгеру қалай байланысады? (жалғау арқылы)

7. Мұқағали Мақатаев қай жылы дүниеге келген? (1931 жыл)

8. «Көзқарас»сөзіндегі ықпал түрі? (ілгерінді ықпал)

9. Буын үндестігінің ғылыми атауы ? (сингорманизм)

10. «Батыр Баян» поэмасының авторы? (М.Жұмабаев)

 II асу – «Жалғастыру»  Бұл асуда  сіздерге үзінді беріледі, сіздер соның жалғастыруларын керек.      Тиісті  сөздің  үш тілде аудармасын айту. Әр  дұрыс жауапқа 15 ұпай  беріледі.

     1. Гүл өссе – жердің көркі,

      . . . өссе – елдің көркі (қыз-девушка- girl гёл )

     2. Ел іші – алтын ... (бесік – колыбель - cradle крәділ)

     3. Білімді өлсе,

         Қағазда ... қалар (есімі- имя – name нейім)

     4. .... -  үлкен мектеп (Өмір – жизнь- life  лайф)

     5.... – алтын қазына ( тіл – язык- language ләнгуидж)

     6.... – отбасынан басталады (отан – родина- motherland  мавзэләнд)

     7. ... – ақылдың көркі (Білім – знание – knowledge  ноолидж)

     8. ... -  білім бұлағы (оқу – учеба- study  стади)

     9. ... – ғылым – тілсіз мұғалім ( кітап – книга- book  бук)

     10.... алды – қызық тіл (өнер – искусство- Art  арт)

IIIасу – «Жұмбақ»Жұмбақтың шешуін табу керек.   Әр  дұрыс жауапқа 10  ұпай  беріледі.

1. Балдан тәтті не? (ұйқы)

2. Ерте тұрдым, алып тұрдым. (есік)

3. Тілден ұшып,
    Құлаққа қонады.    (Сөз)

4.  Ойдың аяқталуын күтпейді,
    Оны қойсаң, сөйлем бітпейді.     (Үтір)

5. Сырғалы құлақ бір,
    Үн-түнсіз сұрап тұр.     (Сұрақ белгі)

6. Егіз қайың,
Бой-бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес-бестен.      (Қол)

7. Мұздай мөлдір жұмыртқа,
Жарық берер ымыртта.        (Электр шамы)

8.Бір қалтаның ішінде бірнеше шар,
Әрбір шардың өзіндік ұясы бар.          (Ас бұршақ)

9. Бір малға екі бала мінгеседі,
Айлап-жылдап түспестен күн кешеді.          (Түйенің өркеші)

10.Алуан түрлі із салғанның өзі еді,
Өзінен де пайдалысы өзегі.        (Қарындаш)

- Қорытынды жасаймыз.

     Ең коп ұпай жинаған 2 катысушы қалады.

Сөз әділқазы алқасына беріледі.

IV асу- «Жорға».

Әр сайыскер бір минут арасында берілген сұрақтарға жауап берсе, әр жауапқа 10 ұпай жинайды.

1-ші қатысушы 

1. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (Ашық және қысаң)
2. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер жиынтығы қалай аталады? (Диалект сөздер )
3. Жазылуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер қалай аталады? (Омоним сөздер)
4. Сөйлем және сөз тіркесін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? (синтаксис)
5. “Қазақ” газетінің негізін салушы, ұлттық жазуымыздың реформаторы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
6. “Ер Төстік” ертегісіндегі бас кейіпкердің тұлпарының аты қандай? (Шалқұйрық)
7. “Көшпенділер” тарихи трилогиясының авторы (І. Есенберлин )
8. Қазақ халқының ұлы жыршысы, ақыны. Қазіргі Тараз қаласы кеңестік дәуірде осы кісінің есімімен аталған? ( Жамбыл Жабаев)
9. “Мен қазақпын” поэмасының авторы кім? (Ж. Молдағалиев )
10. Көп жылдар бойы “Балдырған” журналын басқарған, балалар ақын (М. Әлімбаев )

2-ші қатысушы

1. Дауыстыға басталып, дауыссызға аяқталатын буын түрі? (тұйық)

2. Мәндес, мағыналас сөздерді не дейміз? (синоним)

3. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? (жеті)

4. Ш.Айтматов «Найман – Ана»қай романнан алынған үзінді? («Ғасырдан да ұзақ күн»)

5. Поэзия! Менімен егіз бе едің? Өлеңнің авторын ата.  (М Мақатаев)

6. Орхон ескерткіші жырларындағы тұлғаларды ата. (Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк)

7.  «Қой аузынан шөп алмас» тұрақты тіркесінің мағынасы. (жуас)

8. Сөз мағынасын зертейтін сала? (лексика)

9. Баяндауыштары тиянақсыз, екінші сөйлемге бағына байланысып, күрделі ойды білдіретін сөйлем түрі? (сабақтас құрмалас)

10. «Диуани хикмет» еңбегінің авторы кім? (Ахмет Иассауи)

Қорытынды