Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
ҚАСИЕТТІ ӘУЛИЕ ЖЕРІНДЕ ...
16-10-2013 14:29
ҚАСИЕТТІ ӘУЛИЕ ЖЕРІНДЕ ...

Мен мектебімнің оқушыларымен және ұстаздарымен 18 қыркүйек күні қасиетті Баянауыл жеріне сапар шектім. Жолдың ұзақтығы ауыр тисе де, біз бәріне шыдадық. Алайда әулие Мәшhүр атаның  үйінің орны мен құдығына жеткенде, осыған дейінгі барлық ауру-сырқатымыз мүлде ұмытылып кетті. Бабамыздың бұрынғы үйінің қасындағы құдығының бұлағы қасиетті зәм-зәм суы сияқты дәм татылды. Қасиетті су деп осыны айт! Кейін жан-жағыма көз салып едім. Біраз шақырым жерде дөңде  бір зәулім сарайшық  сияқты ғимарат көрінді. Сол сарайшық әулие атаның кесенесі болып шықты. Содан соң сол жаққа да жеттік. Дәретімізді алып, қасиетті әулие мекеніне, кесенесіне, аяқ бастық. Тамаша сәулет өнерінің туындысы, ислам дінінің біздің Павлодар облысындағы ең басты ошақтарының бірі қасиетті кесенегеаң-таң болып қарадым. Кірер алдында 73 баспалдақпен көтерілдік, сондағы баспалдақ саны атамыз жасаған ғұмырның жасына тең екен. Көтерілгеннен кейін орамал тағып, Мұсылмандық парызымызды өтеп, ең алдымен ұлдар, ал кейін біз, қыз балалар, кірдік. Атаның қабірінің жан-жағына отыра қалдық, қолымызды жайдық, атамыздың аруағына арнап құран  бағыштадық. Содан соң ата қабірінің үстіндегі құлыпытасқа қолымызды қойып, Алла Тағаладан арманымыздың орындалуын сұрадық. Сол біз отырған бөлменің қабырғасында күн шағылысынан пайда болатын жүрекше тәріздес формалы көлеңке белгісіз жағдайда шыға келді. Жан-жағымызға қарадық, үстіндегі күмбезге көз салдық, алайда жүрек тәріздес  пішінді  ештеңе таба алмадық. Біз үшін бұл бір сыры ашылмас құпия ретінде қалды. Кесенеден кейін қасындағы ауылға жол жүрдік, бізді  Мәшhүр әулиенің  мұражайына апарды. Мұражай шағын болғанымен, ішіндегі ескерткіштер,  Мәшhүр атадан қалған асыл мұралар  басқа мұражайда жоқ екен. Көз жауын алған осы мұралардың ішінде әулиенің көзілдірігінен бастап жазған жазбаларына дейін, тіпті жерлеген кезде мәйітін ораған алашасына дейін барлық ескерткіштері әлі күнге дейін сақтаулы тұр. Осы сапардан  Мәшhүр ата туралы көп мағлұмат білдім, сонымен қатар ислам дініне деген көзқарасым, сенімім одан әрі арта түсті. Тамаша бір әсермен үйге оралдым. Бұл сапардан соң тәнім ғана емес, рухым да, жан-дүнием, сана-сезімім бір тазарып, демалды, күш-қуат, жігерлік, рух  сияқты биік қасиеттерге ие болдым.

                                                      Сейлханова Дария,   10 сынып оқушысы

                                  * * *

Ұлағатты  адамдардың сөзін ғана емес, кейінгі ұрпақтарға  қалдырған  ісін тану зор мәртебе.

Қазақта халқы үшін тер төгіп, еңбек еткен азаматтар аз емес. Солардың бірі де, бірігейі – Мәшhүр Жүсіп  Көпеев.

М. Ж. Көпеевтің қазақ әдебиетіне ғана емес, күллі қазақ  жұртына ислам дінінің жаңа сатысы – адам болмысын тану, адами құндылықтарды дәріптеу сияқты дара қасиеттерді дарытқаны барша қазақ қауымына аян. Ендеше осындай тұлғалық  ерекшелігі анық, салған сара жолы айқын тұлғаның басына барып тағзым ету құптарлық іс. Менде өзімнің сыныптастарыммен, ұстаздарыммен бірге әулие  Мәшhүр атамыздың басына барып қайттым. Экскурсовод апай жол бойы бізге  Мәшhүр атаның өмірі, балалық шағы жайлы көптеген мәлімет айтты, фотосуреттерді көрсетті. Біздің бірінші аялдамамыз бұрын  Мәшhүр  Жүсіп  Көпейұлы тұрған үйінің орны болды. Қазір бұл жерде қасиетті бұлақ бар екен. Сол жерден бәріміз су іштік. Содан кейін Мәшhүр  Жүсіп  Көпейұлының кесенесіне келдік. Кесененің ішінде екі бөлме бар. Екінші бөлмеде біз құран бағыштадық. Кесененің жанында көптеген зираттар бар екен. Бұл змраттарда  Мәшhүр  Жүсіп  Көпейұлының балалары, келіндері, немерелері жатыр. Сол жерде киіз үйде түскі ас іштік. Содан кейін жолға шығып Ақжол ауылына келдік. Ақжол ауылында  Мәшhүр  Жүсіп атындағы  мешіт пен мұражайға бардық. Мұражайда  Мәшhүр атамыз туралы өзіме көп мағлұмат алдым. Қайтар жолда оқушылар мен мұғалімдер өлең айтып, қуанышты көңіл – күймен үйге қайттық. Маған осы сапар қатты ұнады.

                              Амангелді Әсия,  10 сынып оқушысы