Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
ҚР халықтарының Тілдері күнін мерекелеуге арналған айлығының қорытындысы (2011 ж.)
15-10-2013 15:44
ҚР халықтарының Тілдері күнін мерекелеуге арналған айлығының қорытындысы (2011 ж.)

Мақсаты: Тіл заңының орындалуын қадағалау, үш тілде оқыту эскперименті бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар, олардың деңгейін, оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру негізінде іс-шаралар ұйымдастыру.

19 қыркүйек 2011 ж. тілдер айлығы шеңберінде өткізілетін «Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің қолданысы» тақырыбындағы Тілдер күнін мерекелеуге арналған апталықтың ашылу салтанаты өтті. «Балауса» ақпараттық радио орталығының жетекшісі Ғазиз Еңлік Ғазизқызы және орталық мүшелері  «Тіл – алтын қазына»  радиохабарын өткізді.

«Тіл - татулық тірегі» шығармалар сайысында Мұхитов Қасымхан (10 сынып) І орын, Сеилханова Дария (10-сынып) ІІ орын, Ибраева Сая (9-сынып) ІІІ жүлделі орындарға ие болды.

Мектеп кітапханасында «Тіл тағдыры – ел тағдыры» тақырыбындағы кітап көрмесін кітапханашы Каримова Гүлнәз ұйымдастырды. Қазақстан халқы Тілдер Күнін мерекелеуге әр сыныпта «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбына тәрбие сағаттары өтті.

Баянаул жерімен, одан шыққан тұлғаларымен таныстыру  мақсатында 18 қыркүйек күні Баянаул ауданындағы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кесенесіне саяхат ұйымдастырылды. Кесененің басына гимназиядан 45 оқушы мен 8 ұстаз барды, Павлодардың ұлы ақын-жазушылар туралы мәліметпен танысып, мол рухани азық алып қайтты.

22 қыркүйек күні мәнерлеп оқу сайысы өтті. Оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тіл туралы өлеңдер мен көркем шығармалардан үзінділер оқыды. Зайкен Нұрбота (10-сынып) І орынды, Акберен Өміржан (9-сынып) ІІ орынды,  Рахимбекова Сабина (7-сынып)  ІІІ орынды иеленді.

19-24 қыркүйек арасында сыныптан тыс іс-шаралар барысында үш тілде зияткерлік ойындар өткізілді: 5-сыныптар арасында «Всякая всячина», 6-сыныптар арасынды «Ең білімді», 7-8 сыныптар арасында «Полиглот», 9-10 сыныптар арасында «Көшбасшы». Тіл білімі, логикадан, ауыз әдебиет тақырыбынан қойылған сұрақтарға оқушылар жауап беріп, қорытынды сапта жеңіске жеткен 5«Ә», 6 «А», 7 «А», 10 сынып оқушылары марапатталды.

20 қыркүйек күні Павлодар қаласында FLEX бағдарламасы бойынша өткен сайыста  10-сынып оқушылары Сыздыков Адай, Михайленко Юлия, Мухитов Касымхан, Конакбаев Ермек, Амангельды Асия І турдан өтіп, ІІ турға қатысып келді.

26 қыркүйек күні «Тіл-ұлттың жаны, халықтың үні» атты музыкалық-әдеби кеш өтті. «Қаражорға» ұлттық бимен басталып, оқушылар ән айтып, өлеңдерді төрт тілде (қазақ, орыс, ағылшын, қытай) оқыды.  От ауызды, орақ тілді, ақылы асып тұған Толе би, Казыбек би, Әйтеке би, Тазша бала қазақ тарихынан, салт-дәстүрінен белгі беріп, шешендік пен тапқырлықтары, бата-тілектері арқылы оқушыларға үлгі болды.

27 қыркүйек күні 8-11 сыныптар оқушылары қалалық орталық кітапханада «Бір ел - бір кітап» ақциясы аясында Жүсіпбек Аймаутовқа арналған кешке қатысты. Ж.Аймаутовтың «Ақбілек» романының тарихтағы және әдебиеттегі орны талқыланды. Ақция барысында оқушылар жазушының  өмірімен, шығармашылығымен танысып,  ой-пікірлерімен бөлісті.

Тілдер апталығына гимназия оқушылары мен ұстаздары белсенді қатысып,  барлық іс-шаралар өз деңгейінде өткізілді.