Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 135
Всего проголосовало: 1209
Смотреть результат
2025 жылғы 29 желтоқсанда гимназиямызда кезекті педагогикалық кеңес өтті.
29-12-2025 16:31
1️⃣ Тәрбиелік бағытта:
Кеңес барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Мухитова А.Б. «Құндылыққа негізделген тәрбие — мектеп мәдениетінің негізі» тақырыбында баяндама жасап, оқу-тәрбие үдерісіне ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды жүйелі енгізудің маңыздылығын атап өтті. Оқушы тұлғасын қалыптастырудағы мектеп мәдениетінің рөлі нақты мысалдар арқылы талқыланды.
 
2️⃣ Әдістемелік-практикалық бағытта:
Іс-шара аясында ұстаздарға тәрбиелік мазмұндағы жағдаяттық тапсырмалар ұсынылып, қатысушылар топтық жұмыс барысында өз пікірлерін білдірді. Мұғалімдер кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, құндылыққа негізделген тәрбие берудің тиімді тәсілдерін ортаға салды.
 
3️⃣ Оқу үдерісін талдау бағытында:
Директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Джамалбаева С.С. ІІ тоқсан қорытындысы бойынша жан-жақты талдау жасап, білім сапасын арттыруға, оқу олқылықтарының алдын алуға және алдағы тоқсанда атқарылатын нақты жұмыс бағыттарына байланысты ұсыныстарын ұсынды.