Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Ардагер ұстазға арналған кабинет ашылды
20-12-2024 18:37
Ардагер ұстазға арналған кабинет  ашылды

Ақсу қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиямызда айтулы іс-шара өтіп, мұның өзі көпшіліктің шынайы ризашылығы мен қолдауына ие болды. «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» демекші осы мектептің негізін қалап, шаңырағын көтерген алғашқы директоры, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Ерен еңбегі үшін, «Еңбек ардагері» медальдарының игері Сламбекова Рымкеш Хамитқызына арналған оқу кабинеті ашылып, есімі ардақталды. Осы өнегелі іс-шарада бірқатар құрметті қонақтар, еңбек ардагерлері, мектеп директорлары, ұстаздар мен оқушылар, Рымкеш Хамитқызының шәкірттері бас қосты. Облыстық білім басқармасы, мектеп және мектепке дейінгі білім бөлімінің басшысы Азанбаева Нұргүл Шалабаевна мен “Аманат” партиясының Ақсу филиалының басшысы Бибигуль Хамидуллаевна, Ақпарат орталығы басшысы Зада Аскарович арнайы келіп құттықтады.
Жаңа кабинеттің лентасын қию құрметі ұлағатты ұстаз Рымкеш Хамитқызы мен облыстық білім басқармасынан келген Нұргүл Шалабаевнаға ұсынылды.
Шараға қатысушы барлық қонақтар, ұстаздар естеліктері мен жүрек жарды игі тілектерін білдірді. Білім басқармасының басшысы атынан гүл шоқтары мен ізгі тілектерді Нұргүл Шалабаевна айтып өтті.