
26 қыркүйек күні “Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі” тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналарды қолдау орталығы мүшелері, қазіргі кезде қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі –балаларға әлеуметтік желіден төніп отырған қауіптің алдын алуға ерекше көңіл бөлді. Жиналыс барысында ата-аналарға балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп,
оларды әлеуметтік медиа мен интернеттің зиянды әсерінен қорғауға қажет бағдарламалар, ата-ана бақылауын қолдану ерекшеліктері түсіндірілді.
Сонымен қатар педагог-психолог баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аудару, қысымшылықтың белгілерін анықтау және дер кезінде дұрыс әрекет ету жолдарын айтып өтті.
Ата-аналарға баламен дұрыс әрі сенімді қарым-қатынас орнатудың тиімді жолдары ұсынылып, гимназияда жүргізіліп жатқан ата-аналарды педагогикалық және психологиялық қолдау орталығы жұмыстарары таныстырылды.
Мектеп басшысы А.Дюсембаев ата-аналарды кез-келген мәселені бірігіп шешуге және мамандардың көмегіне жүгінуге шақырды.
Әрбір ата-анаға кеңестер таратылып, қажет ақпараттың электронды нұсқасы берілді.