Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Гимназия ұстазы мен оқушысын Павлодар облысының әкімі марапаттады
06-06-2024 17:19
Гимназия ұстазы мен оқушысын Павлодар облысының әкімі марапаттады

Гимназия ұстазы мен оқушысын Павлодар облысының әкімі Асайын Қуандықұлы Байханов марапаттады. Оқу жылының қорытындысы бойынша зияткер жастарды қолдау дәстүрге айналған.

Өңір басшысы зияткерлік сайыстарда өзін таныта білген Амангелді Нұрәділге 100 мың теңге ақшалай сертификат және Алғыс хат табыстады.

Сонымен қатар нәтижелі еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі үшін ағылшын тілі мұғалімі Нургалиева Салтанат Еркиновна облыс әкімінің алғыс хатымен және ақшалай сертификатымен марапатталды.

Асайын Қуандықұлы қатысушыларды жоғары жетістіктерімен құттықтап, дарынды жастарға сенім білдіріп, өз елінің патриоты болып қалуларын тіледі. Ата-аналар мен ұстаздарына алғыс сөздерін білдірді.

Айта кетсек, биылғы оқу жылында Павлодар облысының оқушылары халықаралық және республикалық олимпиада мен зияткерлік шараларларда 211 медальға ие болды, оның ішінде 35 – халықаралық, 176 – республикалық деңгейде. Ал Павлодар облысының командасы республикалық олимпиада бойынша «Үздік олимпиадалық команда-2024» атағына және командалық І орынға ие болды.

Оқушыларымыздың алар асулары көп болсын!