Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Облыстық «Бала достары» атты байқау-конкурсы
29-08-2013 08:14
Облыстық «Бала достары» атты байқау-конкурсы

Жаз бойы балалар мектеп маңындағы жазғы сауықтыру лагерлерінде көңілді кезеңін өткізді. Әрбір лагерь тәрбиешілері балалардың күнделікті өмірін қызықты ойындар мен танымдық шараларға мол етіп өткізуге күш салды. Осындай лагерьлерде жұмыс жасаған  педагогикалық қызметкерлер, жаз бойы балалармен тиімді өткізген шараларын, барлық шеберліктерін облыстық «Бала достары» атты байқау-конкурсында көрсетті. Байқаудың мақсаты жазғы кезеңде балалармен әртүрлі нысанда жұмыс жасауға шығармашылық ізденісті қолдау болып табылды. Гимназияның «Балдәурен» жазғы лагерінің тәрбиешілері де осы конкурсқа қатысып, барлық шеберліктерін көрсете білді. Сайысқа қатысушылар  құзіретті қазылар алқасы назарына «Сәлеметсіз бе – бұл біз!» портфолиосын және «Біз – балалардың достарымыз!» атты шығармашылық  ұсынды. Конкурс қорытындысы бойынша гимназия командасы ІІІ жүлделі орынды  иеленді. Жеңімпаздар білім беру басқармасының дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталды. Оқушылардың жазғы демалысын қызықты әрі тиімді өткізуге атсалысқан мұғалімдерге алғысымызды білдіреміз. Олар: Мухитова А.Б, Омаргалиева Ә.Қ, Солтанова Г.С, Ахметбекова Қ.Т, Уажанова Б.Б,Қуаныш Ж, Омарова А.Р, Куспанова А.Е, Оразымбетов А.А, Қадырбаева Г.Р.