Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Гимназия оқушысы республикалық олимпиадада жүлдегер атанды.
14-05-2024 18:05
Гимназия оқушысы республикалық олимпиадада жүлдегер атанды.

Өскемен қаласында дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат базасында 2024 жылғы 12-14 мамырда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері, академик Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасы өтті.

Оқушылардың білімдерін тереңдету және жетілдеру, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында квотаға сай Қазақстанның әр өңірінен 160 оқушы қатысты.

Павлодар облысынан олимпиадаға облыстық кезеңінде І және ІІ орындарға ие болған жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептердің 8 оқушысы қатысты, оның ішінде 5 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 11-сынып оқушысы Каиржанова Аида 2-орынға ие болды. Аида мен додаға дайындаған педагог Есенгожина Акмарал Еркеновнаны шын жүректен құттықтаймыз!