Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
"Бір ел - бір кітап" акциясы
10-10-2023 21:50
"Бір ел - бір кітап" акциясы аясында кітапханада қазақ әдебиетінде философиялық проза жанрында қалам тербеген жазушы, драматург, қоғам қайраткері, парасатты тұлға иесі, ғибратты ғұмырымен оқырмандар жүрегіне жол таба білген "Түркі әлемінің үздік жазушысы" атанған Төлен Әбдікұлының өмірбаянымен таныстырылып, шығармаларын оқуға ұсынылды. Жазушы шығармаларында  тісі бата бермейтін маңызды тақырыптар-парасат майданы, ақыл мен азап ауруы, тұлғаның екіге жарылуы, кейіпкердің қарапайым адамдарға тән емес науқаспен ауруы, философиялық болмысты іздеу сияқты күрделі, тың дүниелерді қозғайды. Шоқтығы биік туындының бірі "Қонақтар" әңгімесі. 8 сынып оқушыларымен осы әңгіме бойынша әдеби-викторина өткізілді. "Қонақтар" әңгімесі - әлі күнге дейін өзегін жоймаған шығарма. Қазіргі қоғам да осы дерттен айыға алмай отырғаны мәлім. Сол себептен болар әдеби-викторинаға оқушылар қызығушылықпен қатысып, кейіпкерлерді жарыса талқылап, өз ойларын жеткізуге тырысты. 
Баршаңызды Төлен Әбдікұлының шығармаларын оқуға шақырамыз!