Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Деңгейлік есептер жинағы. 4-сынып
03-06-2013 08:05

Деңгейлік тапсырмалар

І нұсқа

І деңгей

Айша 4 жыл ішінде 958 ағылшын сөзін жазды. 1-сыныпта 105 сөз, 2-ші сыныпта одан 86 сөз көп, ал 3-ші сыныпта 1 және 2 сыныпта қанша болса сонша сөз жазды.  Қалғанын 4-ші сыныпта жазды. Айша 4 сыныпта неше сөз жазды?

ІІ деңгей

3 мектепте 2870 оқушы оқиды. 1-ші мектепте 975 оқушы, 2-ші мектепте 1-шіге қарағанда 129 оқушы кем. Қалғаны 3-ші мектептің оқушылары. Үшінші мектеп оқушылары 1-шіге қарағанда нешеу артық?

ІІІ деңгей

Автобуста отырған жүргіншілердің жартысы және 4 адам шыққаннан кейін автобуста 32 адам қалды. Автобуста неше адам болған?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Деңгейлік тапсырмалар

ІІ нұсқа

І деңгей

Спорт сайыстарында 4 мектептің 873 оқушысы қатысты. 1-ші мектеп 112 оқушы, 2-ші одан 43 оқушы артық, 3-ші мектептен 1 және 2-ші мектепте қанша оқушы болса сонша оқушы қатысты. Қалған спортшылар 4- ші  мектептің оқушылары еді. 4-ші мектеп оқушыларын тап.

ІІ деңгей

Қаланың үш дүкеніне 3576 теледидар әкелінді. 1-ші дүкенде 1270, 2-ші дүкенде 1-шіге қарағанда 546 кем, қалғаны 3-ші дүкенге тиесілі. Үшінші дүкенде 1-шіге қарағанда неше теледидар артық?

ІІІ деңгей

 Үстелде тұрған дәптерлердің жартысын және 6 дәптер  алғанда онда 15 дәптер қалды. Үстелде неше дәптер болған?