Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Дидактикалық материалдар. 1 сынып
03-06-2013 07:50

«Не өзгерді?»

Мақсаты:түс, пішін, мөлшер, кеңістік қатынастары туралы түсініктерін бекіту; байқағыштықтарын, зейінін, есте сақтау қабілеттері мен тіл байлықтарын дамыту.

Заттар жинағы (геометриялық фигуралар, заттық суреттер, мазмұнды суреттер, т.б.) сөрелерге қойылады немесе тақтаға бекітіледі. Мұғалім (оқушы) бір затты алып тастайды немесе орындарын ауыстырады. Оқушылар қандай өзгеріс болғанын ауызша айтады. Заттарды әр жерге қойып, заттардың санын көбейтіп, ойынды күрделендіруге болады.

«Шешуін тап»

Мақсаты:оқушылардың математикалық білімдерін дамыту; математикалық түсініктерін қорытындылау және бекіту.

 Математикалық объектілердің жиынтығын (3-тен 6-ға дейін) мұғалім 4 және одан да көп әр түстегі сөрелерге, жинақ полотносына, магнитті тақтаға орналастырады. Бір оқушы кез келген түстегі сөрені іштей таңдайды. Басқа оқушы ол жерде қандай математикалық объектілер орналасқанын айтады да, ол заттың сол сөреде бар-жоғын сұрайды. Сөйтіп, оқушының қай сөрені таңдағанын табады. Мысалы, оқушы сұрайды: «Онда 3 және 5 сандары бар ма? Кесінді ше? Қызыл үшбұрыш бар ма?», т.с.с.

Ойынды мынадай сұрақтар қойып күрделендіруге болады: «Үшбұрыш кесіндінің оң жағына немесе сол жағына орналасқан», т.с.с.

«Эстафета» («Тізбек»)

Мақсаты:есептік, реттік санау дағдыларын, ауызша есептеу тәсілдерін дамыту.

Оқушы қатарынан 2-3 санды атайды, ары қарай келесі оқушы санауды жалғастырады. Бұл ойынды доптың көмегімен жүргізуге де бола­ды.

«Пойыз құрастырамыз»

Мақсаты:реттік және есептік санау дағдыларын, ауызша есептеу тәсілдерін дамыту.

Мұғалім оқушыларды тақтаға кезекпен шақырады. Олардың әрқайсысы вагондардың рөлін атқарып, өздерінің нөмірлерін айта- ды. Мысалы, біріншішақырылған оқушы: «Мен бірінші вагонмын» деп айтады. Екінші оқушы бірінші вагонға тіркеледі де, өзінің реттік нөмірін айтады, қалғандары: «Бірдің артынан бір - екі» деп айтып отырады. Қалған вагондар да осылай «тіркеледі». Содан соң вагондар «ағытылады», ал балалар хормен санайды: «Бірсіз үш - екі», т.с.с.

«Өрнек құрайық»

Мақсаты:пішін және түс туралы оқушылардың білімдерін бекіту.

Әрбір оқушыда әр түстегі, мөлшері әртүрлі геометриялық фи- гуралардың жиынтығы болады. Мысалы, көк түсті үлкен, кіші және қызыл түсті үлкен, кіші үшбүрыштар; көк түсті үлкен, кіші және қызыл түсті үлкен, кіші дөңгелектер; көк, қызыл түсті үлкен, кіші шаршылар. Фигуралардың түсі, пішіні, мөлшері түрлендірілуі мүмкін.

Оқушылар фигуралардан түсті өрнектер құрастырады. Мысалы, бірінші сол жаққа қызыл кішкентай дөңгелек, одан соң кішкентай қызыл үшбұрышты қояды, т.с.с. Кейінірек ойынды күрделендіруге болады. Оқушылар мұғалімнің бұйрығымен өрнек құрастырады, ал содан соң бұл өрнекті орналасу тәртібін сақтай отырып, ары қарай жалғастырады. Тағы бір нұсқасы ретінде мұндай тапсырма оқушының бұйрығымен орындалады.

«Зейін сал»

Мақсаты:заттарды түсі бойынша айыра білу дағдыларын бекіту.

Әр түсті заттардың суреттері беріледі: қызыл қызанақ, қызыл сары сәбіз, жасыл шырша, көк шар, көгілдір көйлек, сары орамал. Оқушылар тақта алдында заттардың жазықтықта орналасқан бейнелерінің қасына жартылай дөңгеленіп тұрады. Мұғалім заттың аты мен түсін айтып, қолын жоғары көтереді. Балалар да қайталайды. Егер мұғалім заттың түсін айтпаса, оқушылар қолдарын көтермеу керек. Кім қателессе, берілген тапсырманы орындайды. Бірнеше заттың атын атап, заттың түсі қандай екенін айтуға тапсырма беруге болады.

«Сенің портфеліңдегі заттар қандай материалдан жасалған?»

Мақсаты:заттарды материалы бойынша ажырата білуге үйрету.

Ойыншыларға әртүрлі түстегі жетондар беріледі. Қоңыр түс - ағашты, сұр - металды, ақ - қағазды, қызыл - пластмассаны, т.б. белгілейтінін келісіп алады. Портфельдерінде бар заттарды қарастыра отырып, қажет түстегі жетондарды бір шетке қойып отырады. Соңынан портфелінде қолындағы жетонның түсіне сәйкес неше зат бар екенін анықтайды.