Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
География пәні мұғалімдеріне арналған практикалық семинар
06-04-2023 16:17
География пәні мұғалімдеріне арналған практикалық семинар
Гимназия географияны оқытудың ғылыми-әдістемелік орталығынын жұмысын ары қарай жалғастыруда.
05.04 күни орталықтың жұмыс жоспарының негізінде «Картография мен топографиядан практикалық тапсырмалар» тақырыбында география пәні мұғалімдеріне арналған практикалық семинар өткізілді.
Семинарда Ә. Марғұлан атындағы ППУ Жаратылыстану жоғары мектебінің аға оқытушысы , география магистрі Омаров Мурабек Капбасович топографиялық карта, карта масштабы, масштаб түрлері, топографиялық картаны парақтау , номенклатура, топографиялық картада практикалық есептер жөнінде мазмұнды мағлұматтар беріп, ой бөлісті.
Ұстаздар осы бағытта практикалық жұмыстар жасап, өздеріне қажетті құнды мәліметтер алып, өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Мурабек Капбасовичке ризашылықтарын білдірді және алған мазмұнды мағлұматтарды өздерінің сабақтарында, оқушыларды олимпиадаға дайындағанда қолданатындарын жеткізді. Келесі оқу жылында да осы негіздегі практикалық семинарлар өткізілсе және олар оффлайн форматта болса деп ұсыныс жасалды.