Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Педагогикалық іс-тәжірибемен бөлісу
04-02-2023 10:17
Педагогикалық іс-тәжірибемен бөлісу

3 ақпан күні мамандандырылған мектептердің жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдеріне арнап “Тілдік орта құру арқылы мектеп оқушыларының көптілділігін қалыптастыру” тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

Семинарға Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскерлері Е.Өсен, О.Тыныштықбай, облыстық мамандандырылған мектептердің жаратылыстану- математикалық бағытындағы пән мұғалімдері қатысты.

Үштілділікті жүзеге асыру барысында әдістемелік дайындықтың жоғары деңгейіне ие, шығармашылықпен жұмыс істейтін гимназияның физика пәні мұғалімдері А.С.Қабылбекова, Б.В.Атик Б.В., информатика мұғалімі Э.Т.Абылгазина және химия пәні мұғалімі Г.Е. Сыздыкова ашық сабақтар көрсетті.

Қабылбекова А.С., Атик Б.В., Абылгазина Э.Т. шебер сынып өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Гимназияда үш тілде оқыту бағытындағы іс- шараларды, ұлы тұлғаларға арналған әдеби кештерді үш тілде өткізу дәстүрге айналған.

Семинарда «Ұлтымыздың ұлы тұлғалары» атты әдеби кеш өткізілді.Семинар соңында қатысқан әріптестермен пікіралмасу ұйымдастырылып, гимназия оқушыларының орта буыннан бастап ағылшын тілін терең меңгергенін және семинардың жоғары деңгейде жүргізілгені атап өтілді.

Атсалысқан әріптестерге алғыс білдіреміз.