Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Сырты жад. Информатика пәні 5 сынып
31-05-2013 12:15

Сабақтың мақсаты:

- оқушыларға ақпаратты жазу мен оқу, иілгіш және компакт-дискілер сияқты ақпарат тасуыштар туралы түсінік беру; дискіжетек, USB-порты, CD-ROM мен DVD-ROM жұмыстарымен таныстыру;

- оқушылардың ойлау қабілетін дамыту; шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру;

- оқушыларды ақпараттық мәдениетке, тәртіпке, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа материалды оқыту, әңгіме элементтері бар дәріс сабағы

Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекілік, проблемалық, практикалық, зерттеу

Көрнекілік:ДК, интерактивті тақта, электрондық оқулық, қатқыл диск,иілгіш және компакт-дискілер, дискіжетек, дәптер

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Интерактивті тақтамен жұмыс. Оқушылар топтарға бөлініп, тапсырмаларды орындайды.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.                  

«Адамның ішкі және сыртқы жады»деген тақырып бойынша өз ойыңды айт.

Қойылатын  сұрақтар:

-   Адамның ішкі жадында не сақталады?

-   Қандай жағдайларда оған сыртқы жадты қолдануға тура келеді?

-   Адам қандай заттарды сыртқы жад ретінде қолданады?

адамның  жады мен компьютер жадының ұқсастықтары жайлы сұхбаттасу. Қажетті деректерді адам ішкі жадында, ал аса қажет емес ақпараттарды түрлі ақпарат тасуыштарында – құжаттарда, дәптерлерде, кинотаспаларда және т.б. сақтайды.

Сыртқы жад.

Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Біздің білетініміздей, файл – бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналаса алады. Сыртқы жад – бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш, компакт және флеш-диск. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар деген не екенін анықтауымыз қажет.

Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Олар сыртқы түрі бойынша не дискілік, не таспалық, жадтау принципі бойынша – магнитті, магнитті-оптикалық, оптикалық болады. Соңғы уақытта  IBMтипі Pentium  ДК-де қолданылатын ақпарат тасуыштар дискілік, магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық жазу-оқу әдістерін қолданылады. Дискілік тасуыштың қатқыл немесе иілгіш негізі болады. Оларға винчестерге кіретін қатқыл магнитті дискілерді, иілгіш дискілерді немесе флоппи дискілерді, компакт-дискілерді, флеш-дискілердіжатқызуға болады.

Сыртқы жад – бұл компьютерді өшіргеннен кейін де енгізілген ақпаратты сақтайтын жад.