Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
«Қалың қалай, жас маман?»
05-11-2022 20:02
«Қалың қалай, жас маман?»

3.11.2022 күні жас мамандардың кәсіби қалыптасуына ықпал ету, білікті ұстаз етіп тәрбиелеу, дайындау мақсатында «Қалың қалай, жас маман?» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл отырысты жас мамандармен жұмыс жетекшісі Қабылбекова А.С. ұйымдастырды. Алмагул Серикбаевна жас мамандарға Блум таксономиясы бойынша сабақ құру, белсенді оқу әдістері, сабақ кезеңдері туралы нақты мәліметтер берді. Отырысқа гимназия директорының ғылым жөніндегі орынбасары К.М.Аккентаева, жас мамандар мен тәлімгерлер қатысты.
Қазіргі кезінде жаңа ортаға үйрену, мүлдем бейтаныс оқушыларға білім беру жас мұғалімдерге қиындықтар туғызады. Осы мақсатта жас мамандар бейімделу кезеңінен өтіп, 1-тоқсан барысында оқу үрдісінде сәтті шыққан немесе қандайда бір қиыншылықтар кездескен сәттері жайлы ой бөлісті.
Жас мұғалімдер оқыту уақытынды жетіспеуі, кейбір сыныппен жұмыс істеуде, бақылауларды бағалауда қиындықтары болғанын, дегенмен оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын оята білу, АҚТ-ны тиімді пайдалана алу сияқты оң тұстарын да атап өтті. Жас мамандар өздеріне мәселе туындаған кезде теориялық, практикалық, әдістемелік көмек көрсете білген тәлімгерлеріне алғыстарын білдірді.