Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
ХИМИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР
31-05-2013 11:16

9-сынып

1 тақырып. Заттардың электролиттік диссоциациясы

Жұмыс 1. Заттардың электролиттік диссоциациясы жәнеион алмасу реакциясы

І нұсқа

1.      Электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңдар:

А) темір (ІІІ) хлориді                Б) калий сульфаты

В) барий нитраты                   Г) фосфор қышқылы             Д) натрий гидроксиді

      2. Ерітінділер арасындағы молекулалық және иондық теңделерін жазыңдар:

А) барий хлориді мен күкірт қышқылы       Б) калий гидроксиді мен фосфор қышқылы

В) натрий карбонаты мен қорғасын (ІІ) нитраты

ІІ нұсқа

1. Электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңдар:

А) кальций   гидроксиді           Б) мыс (ІІ) хлориді

В) күкірт қышқылы                   Г) темір (ІІІ) сульфаты       Д) калий нитраты

    2. Ерітінділер арасындағы молекулалық және иондық теңделерін жазыңдар:

А) Тұз қышқылы мен күміс нитраты       Б) барий хлориді мен мыс (ІІ) сульфаты      

В) кальций гидроксиді мен азот қышқылы

ІІІ нұсқа

1. Электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңдар:

А) алюминий хлорид і           Б) калий фосфаты

В) азот қышқылы                   Г) натрий сульфаты       Д) магний хлориді

    2. Ерітінділер арасындағы молекулалық және иондық теңделерін жазыңдар:

А) натрий карбонаты мен кальций хлориді       Б) барий гироксиді мен тұз қышқылы      

В) күкірт қышқылы мен натрий нитраты

ІVнұсқа

1. Электролиттік диссоциация теңдеуін жазыңдар:

А) мыс (ІІ)   нитраты              Б) тұз қышқылы

В) алюминий сульфаты         Г) барий гидроксиді        Д) мырыш сульфаты

    2. Ерітінділер арасындағы молекулалық және иондық теңделерін жазыңдар:

А)литий  гироксиді мен азот қышқылы       Б) мыс (ІІ)   нитраты мен   натрий  гидроксиді

В) калий карбонаты мен фосфор қышқылы

 

Жұмыс 2. Ион алмасу реакциясы және тұздар гидроксиді

І нұсқа

1.      Ерітінділер әрекеттескен кезде қандай заттар тұнбаға түседі?

А) AgNO3  және K3PO4              Б) CuSO4 және NaOH

В) KOH3   және HCl                   Г) BaCl2    және K2SO4

                      Реакция теңдеулерінің молекулалық  және иондық түрде жазыңдар.

2.      Тізілген тұздардың қайсысы суда еріген кезде гидролизге ұшырайды:  Натрий карбонаты;  калий хлориді; мыс (ІІ)   нитраты? Гидролизге жауап беретін теңдеуді жазыңдар.

ІІ нұсқа

1.      Қай заттардың ерітінділері әрекеттескенде реакция өнімінің біреуі су болып табылады?

А) Na2 CO3  және HNO3             Б) MgCl2 және AgNO3

В)  HCl және  Ba (OH)2              Г) NaOH   және H3PO4

Реакция теңдеулерінің молекулалық  және иондық түрде жазыңдар.

     2. Тізілген тұздардың қайсысы суда еріген кезде гидролизге ұшырайды:  калий нитраты; натрий сульфаты; темір (ІІІ) хлориді?     Гидролизге жауап беретін теңдеуді жазыңдар.           

  ІІІ нұсқа

1.      Ерітінділер әрекеттескен кезде қандай заттар тұнбаға түседі?

А) FeCl  және NaOH                  Б) HNO3 және KOH

В)  Ba (NO3)2  және Na2CO3      Г) Al2 (SO4)3  және K3PO4

Реакция теңдеулерінің молекулалық  және иондық түрде жазыңдар.

2. Тізілген тұздардың қайсысы суда еріген кезде гидролизге ұшырайды:  натрий сульфаты; мырыш нитраты; калий карбонаты? Гидролизге жауап беретін теңдеуді жазыңдар

ІVнұсқа

1.      Қай заттардың ерітінділері әрекеттескенде реакция өнімінің біреуі су болып табылады?

А) K2 CO3  және HCl                 Б) Ka (OH)2    және HNO3

В)  NaOH және  H2SO4              Г) NaNO3  және H2SO4

Реакция теңдеулерінің молекулалық  және иондық түрде жазыңдар.

2.      Тізілген тұздардың қайсысы суда еріген кезде гидролизге ұшырайды:  алюминий хлориді; натрий хлориді; калий сульфаты? Гидролизге жауап беретін теңдеуді жазыңдар