Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
Халық кегінің күйшісі. Ә. Сәрсенбаев. 3 сынып
28-05-2013 13:47

Сабақтың мақсаты:

Білімдік:  Ақын, жауынгер жырау  Махамбет пен күй атасы Құрманғазының кездесуі туралы әңгіменің мазмұнын ашу.

Дамытушылық: сөздік қорын молайту,оқушыны қиялдап, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу.

Тәрбиелік:еңбексүйгіштікке, талапшандыққа, төзімділікке тәрбиелеу,

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Сұрақ-жауап», «Досыма хат» стратегиялары. “Данышпан үкілер” техникасы

Сабақтың көрнекілігі:  Интербелсенді тақта, Құрманғазы портреті, слайдтар.

Сабақтың барысы:

1.        Қызығушылығын ояту. «Бір сөзбен айт» Слайд.

Үй жұмысы. Желаяқ  “Бес сұрақ” стратегиясы

Желаяқ

Желаяқ

«Күншілік жерге көзді ашып-жұмғанша жетеді» деген сөздің мағынасы қандай?

«Бұл өзі жаттығу жасағанда, беліне арқан байлап, мотоциклге жалғанып жүгіреді» деген сөз кім туралы айтылған.

Кеудесінде «КСРО» деген жазуы бар кім?       

Оқиға қашан және қай жерде болды?

«Атышулы» сөзінің мағынасын жаз.

«Тоқайласқан» сөзінің мағынасын жаз.

Ғұсман Қосанов қандай қалаларда болды?

«Қара шашын бір жағына қайырған жігіт» кім?

Мәтіннің ең соңғы сөйлемін жаз.

Ғұсман Қосанов қандай жүлде алды?

Сөйлеудің ережесі еске түсірейік!

1.Мүдірмей, жаңылыспай, кібіртіктемей анық сөйлеу;

2. Бөтен сөз араластырмай, таза қазақ тілінде сөйлеу;

3.  Жайдары кейіппен ағытыла, үсті-үстіне нөсерлете төпеп сөйлеу;

4. Үннің ашықтығы, әуезділігі;

5. Сөздік қорының молдығы, сөзді мейлінше көп білу.

“Араласып кеткен оқиғалар”(Мәтін оқушыларға жеке қағаздарға жазылып, орындары ауыстырылып беріледі. Бұл кезде оқулық жабық күйде болады).

1. Мәтінді ретімен орналастыр

2. Неге бөліктерді осылай орналастырдың?

3.Осылай қоюға қай сөз немесе мәтіндегі белгі көмектесті?

2.      Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.

-мәтінді мұғалімнің  оқуы

-тізбектеп оқу

-дауыстап оқу

3. Мағынаны тану.  Мағынаны тану

1.      Мәтіндегі баланың ағаш томарынан жасап жатқаны не?

2.      Бала неге батырмен кетіп қалғысы келді?

3.      Бала қандай жақсы сөз естіді?

4.      Мәтіннің соңғы сөйлемін мән беріп оқы.

5.      Қазақ күйлері мен күйшілері туралы не білесің?

Сергіту сәтінде оқушылар Отанымыз қалаларының орналасу ретін қайталайды.

Біліп ал!

Құрманғазы Сағырбайұлы 1818 жылы қазіргі Атырау облысында дүниеге келген. Сағырбай ауқатты адам болмағандықтан, Құрманғазы жастайынан байдың малын бақты. Бір күні Сағырбайдың үйіне атақты қарт күйші Ұзақ келеді. Ұзақтың күйін тыңдауға бүкіл ауыл жиналады. Ұзақ Құрманғазыға домбыра тарттырады. Құрманғазының талабына риза болған Ұзақ батасын береді. Құрманғазы біраз уақыт Ұзаққа еріп жүріп, көптеген күйлер үйренеді. Ұзақ Құрманғазының алғашқы ұстазы болды.

“Данышпан үкілер” техникасы (Техника “Мудрые совы”)

1.       Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері.

Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз. Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің бұрынғы ұғымдарыңызға қарсы тұрған ақпаратты табыңыз. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.

2.       Маңызды өмірлік даналық.

Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.

3.       Таныс және таныс емес.

Мәтіннен сізге алдын таныс болған және сізге мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз.

4.       Иллюстрациялық бейнелеу.

Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура, т.б. арқылы бейнелеп көріңіз.

5.       Үлгі боларлық қорытынды.

Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға болады ма?

6.       Талқылауға арналған маңызды тақырыптар.

Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді  табыңдар.

Сөздік жұмыс.

Сылти басып – ақсаңдап.

Қабырғаң әлі қатпаған, томағаң әлі толмаған – әлі жассың деген мағынада.

Басқа мәтіндерден «жас» мағынасын беретін қандай тұрақты сөз тіркестерін  біліп едік,

Он екіде бір гүлі ашылмаған сәби  - жас бала  (Шал мен бала)

Аузындағы ана сүті кеппеген – жас бала (Жас түлек)

Осы сөздермен сөйлем құрату арқылы сөздердің мағынасын есте сақтауларына ықпал ету.

Білесің бе?Құрманғазы алпыстан астам күй шығарған. Оның алғашқы күйлерінің бірі- «Кішкентай». Бұл күй Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов көтерілісіне арналған.  Құрманғазы сол көтеріліске қатысқысы келеді. Бірақ, оған: «Сен әлі кішкентайсың, қолыңа қару алып, ел намысын қорғауға саған да кезек келер», - деп тастап кетеді

Сабақты қорыту

-бала неге батырмен қалғысы келді?

-мәтіннің соңғы сөйлемін талдау.

-Қазақ күйлері мен күйшілері туралы не білесіңдер?

-Құрманғазының  «Адай» күйін тыңдау.

*Мәтіннен пейзажды тап.

*Құрманғазының әдептілігін дәлелде.

*Құрманғазының өнерлілігін дәлелде.

*Мәтіннің қай сөзін немесе сөйлемін қазақ тілімен байланыстыруға болады?

*Тағы қандай пәндермен байланыс бар деп ойлайсың?

Үй тапсырмасы:

1.      “Бес сұрақ” стратегиясы бойынша дайындалу

2.      Махамбеттің өлеңдерін жазу, жаттау.

3.      Құрманғазының күйлерін жазып келу.

4.      Мәтінді баяндауға дайындалу.