Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
«Халің қалай, жас маман?» атты қашықтан дөңгелек үстел
12-11-2020 19:33
«Халің қалай, жас маман?» атты  қашықтан дөңгелек үстел

12 қараша күні жас мамандармен жұмыс жетекшісі Д.А.Нургалиеваның ұйымдастыруымен  жас мамандардың кәсіби қалыптасуына ықпал ету, білікті ұстаз етіп тәрбиелеу, дайындау мақсатында «Халің қалай, жас маман?» атты  қашықтан дөңгелек үстел өткізілді.  Осы отырысқа гимназияның ғылым жөніндегі орынбасары К.М.Аккентаева, жас мамандар мен тәлімгерлер қатысты.

Жаңа жұмысқа кіріскен жас маман өнегелі ұстаз болуы үшін үйрете жүріп үйренетіні мәлім. Қазіргі пандемия кезінде жаңа ортаға үйрену, мүлдем бейтаныс оқушыларға білім беру қашықтан іске асып отырғаны бәрімізге белгілі. Бұл жағдай, әсіресе, жас мұғалімдерге қиындықтар туғызады.Осы мақсатта жас мамандар бейімделу кезеңінен өтіп, 1-тоқсан барысында оқу үрдісінде сәтті шыққан немесе қандайда бір  қиыншылықтар кездескен сәттері жайлы ой бөлісті. Жас мұғалімдер онлайн оқыту кезінде оқушыны бетпе-бет көре алмау, жете таныс бола алмау, бақылауларды бағалау сияқты қиындықтар болғанын, дегенмен оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын оята білу, АҚТ тиімді пайдалана алу – оң тұстарын да атап өтті.

Жас мамандар өздеріне мәселе туындаған кезде теориялық, практикалық, әдістемелік көмек көрсете білген тәлімгерлеріне алғыстарын білдірді. Тәлімгерлер жас мұғалімдердің іздемпаздық, еңбекқорлық т.б. қырларына оң баға беріп, болашақта өз мамандығының кәсіпқойы атанатындарына сенім білдірді. Алдағы уақыттарда да жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында өзара сабақтарға қатысу,сабақты әдістемелік тұрғыдан талдауды үйрету сияқты жұмыстар жүргізіледі.