Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
6 сыныпқа арналған практикалық тапсырмалар
27-05-2013 14:49

Мақсаты:  Мектепте  биология пәнін оқытудың методикасы мен методологиялық дайындық мазмұнын жаңарту. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

1.      Тақырыбы: Ұлғайтқыш құралдар

Дамитын құзіреттіліктер: коммуникативті, проблеманы шешу

Аспект: жазу құзіреттілігі

Ынталандыру:егер тапсырманы дұрыс орындасаң, микропрепаратты дұрыс даярлау жолын білетін боласың.

Қайнар көзі:оқулық мәтіні

Тапсырманы орындауға қойылатын талап:1тапсырмада дұрыс жауабын көрсет, 2,3тапсырмаларға жауаптар жаз.

1 тапсырма.Оқушы ағаштан  жапырақ алып, микроскоппен қарай бастады. Ол тек қана қою жасыл түсті сызықтан басқа ештеңе көре алмады.Оқушының микропрепарат даярлауда жіберген  қатесін тап.

А) жарықты дұрыс бағыттамады

Б) үлкейтіп көрсететін бөлігін қою керек еді

В) жапырақтың өте жұқа кесіндісін алу керек

Г) жапырақты бояу керек

2 тапсырма. Неліктен заттық және жабын шыныны шетінен ұстау керек?

_____________________________________________________________________________3 тапсырма. Неліктен фильтрлі (сүзгі)қағазды тек бір рет қана қолданукерек?

_____________________________________________________________________________

Бағалау: 1 тапсырма – 1 ұпай, 2 тапсырма-2 ұпай, 3 тапсырма-2 ұпай.

Жауап парағы.

№1 В,

№2 Шыныда  қолдың ізі қалмауы және  таза болуы үшін шетінен ұстау керек.

№3. Фильтрлі  қағаз су болған соң судың артық мөлшерін сора алмайды.

1 тапсырма

Суретте көрсетілген микроскопқа қажетті құралдардың атын дәптерге жаз. Бейнеленген көріністі ретімен орналастырып, сипатта, нәтижесінде дайын болған зат қалай аталады?

 

Қажетті сөздер:  Пияз, пияз, сапты ине, заттық шыны, жабын шыны  

   2 тапсырма  Төмендегі сөйлемдерді оқып, ойланып, тұсындағы сандарын торкөздің ішіне препарат дайындау ретіне қарай орналастырыңдар.

  • 1.Препаратты жабын шынымен жабады. 
  • 2.Пияз қабығын аршиды. 
  • 3.Зат шынысына йод ерітіндісін тамызады. 
  • 4.Пияздың шырынды қабатының дөңес жағынан жұқа өңін сылып алады. 
  • 5.Зат шынысына су тамызады. 
  • 6.Пияз өңінің бүктелген жерін сапты инемен түзейді. 
  • 7.Препаратты зат үстелшесіне орналастырады.