Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 387
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 201
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 132
Дауыс бергендер саны: 1203
Нәтижені көру
"Мұрагер" бағдарламасы
14-02-2013 08:41

Бағдарлама авторы: Абдулхамит Ысқақұлы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің рұқсатымен еліміздің әр аймағында музыка пәнін «Мұрагер» бағдарламасымен оқитын эксперименттік сыныптар ашты. Қазіргі таңда кең-байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде «Ага Хан» қорының қолдауымен 50 мектепте үш мыңдай оқушы осы бағдарламамен оқытылуда.

Гимназияның мектепішілік бұйрығы негізінде 2009-2010 оқу жылынан бастап 1-4 сыныптарында музыка пәнінен «Мұрагер» бағдарламасы енгізілді. Музыка пәнінің стандартына сәйкес 1 сағатқа дамыту блогы есебінен 1 сағат беріліп, сабақ топқа бөлініп өткізіледі.

Бағдарламаның мазмұнын толықтыру, тәжірибе алмасу мақсатында қараша айында ДТЖО Бакирбекова Г.А Өскемен қаласында өткен «Мұрагер бағдарламасы ұлттық құндылықтарды жаңғыртудың жаңа жолдары » атты республикалық семинарға қатысты. Семинарда әр сыныптың білім мазмұны, домбыраны меңгеру әдістемесі, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету сұрақтары  көтеріліп, нақты бағыттар айтылды. Сонымен қатар бағдарламаны мемлекеттік стандартқа енгізуге байланысты оқу бағдарламалары талқыланып, түзетулер жасалды. Бұл жұмысты тікелей Ы.Алтынсарин атындағы ҰББА,эстетикалық-технологиялық лаборотория меңгерушісі Құсайынов С.О мен аға көмекшісі Санзия Жантөреқызы басқарды. Бағдарламасың толық жүзеге асырылуы үшін мүмкіндіктер жасалды: биылғы оқу жылынан бастап 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары үшін  оқулықтар көшірмесі жасалып, ата-аналардың қолдауымен оқушылар оқулықтармен толық қамтылды, оқушылардың  білім,білігін анықтау тесті құрастырылды, әр сынып бойынша үйренетін күйлерді меңгеру әдістемесінің электронды оқулығы алынды, оқушылардың шығармашылық жұмысы мен бағдарлама мазмұнын  таныстыру үшін  стенд жасалды.

Ерекше қабілеті бар оқушылардан құралған ансамбль өз өнерлерін Тәуелсіздік мерекесінде, тәрбие сағаттарында, мектепішілік мерекелерде көрсетуде.