Қалалық «Сап және саптық ән» байқауы өтті
30 сәуір күні Ақсу қаласының №8 орта мектебінде Республикалық «Патриот» акциясы» аясында қала және ауыл мектептері оқушылары арасында жыл сайынғы «Сап және саптық ән» байқауы өтті. Бұл байқау Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 74 жылдығына және Кеңес Одағының Каһармандары Қанаш Қамзинның және Иван Суптеляның 100-жылдығына арналған. Байқаудың қорытындысы бойынша гимназияның командасы ІІІ орынға ие болды.
"ЖАС БАТЫР" қалалық патриоттық-әскери сайысы
26 сәуір күні Отан қорғаушылар күні қарсаңында өткізілген қалалық "ЖАС БАТЫР" патриоттық-әскери сайысына қатысып, гимназиямыздың намысын қорғап, жүлделі ІІІ орынды иеленген оқушыларды құттықтаймыз. Олар: 11 сынып оқушысы Жұматаев Тамерлан,10 сынып оқушысы Каршыгаева Айгерім, 9 сынып оқушысы Мадиева Найля. Жетекшісі АӘД пәні мұғалімі Джамалбаев Мейрам Сагатович
Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан ғылыми жарысының жүлдегері
Алматы қаласында Төкен Омаров атындағы республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан оқушылардың ғылыми жарысы өтті. Жарыстың қорытындысы бойынша гимназиямыздың 9а-сынып оқушысы Успанова Аймира ІІІ дәрежелі димпломмен марапатталды. Аймираны және оның жетекшісі физика пәнінің мұғалімі Атик Бибигуль Васильевнаны құттықтаймыз!
Е. Бекмаханов атындағы облыстық турнирінің жүлдегерлері
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2019 жылғы 26 сәуірде дарынды балаларға арналған №3 гимназиясында Е. Бекмаханов атындағы турнирін өткізді. Турнирдің қорытындысы бойынша гимназиямыздың командасы ІІІ орынға ие болды. Команда құрамында 7ә-сынып оқушылары: Саипова Асем, Садыбекова Арайлым және Қазтай Айшат. Жетекшілері Ибраева Бахыт Шаймарданова және Альдекенова Анар Толыбаевна. Құттықтаймыз!
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы облыстық жасөспірімдер олимпиадасы
2019 жылдың 24 сәуір күні дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектеп негізінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беру бес пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша биология пәнінен 7ә сынып оқушысы Айдасов Мадияр "Құрмет грамотасына" ие болды. Мадиярды және ұстазы Муханова Үміт Кабиденовнаны құттықтаймыз!
«Айгөлек» би ансамблі облыстық хореографиялық конкурсының Бас жүлде иегері
19 сәуір күні Павлодар қаласында өткен «Ақ шағала» «MegaDance – 2019» республикалық хореографиялық фестиваль-конкурсының облыстық кезеңінде бірнеше жылдар қатарынан облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып жүрген «Айгөлек» үлгілі би ансамблі Бас жүлдеге ие болды. Жетекшісі Зембаева Динара Нигматуловнаны және оқушыларымызды құттықтай отырып, алдағы республикалық кезеңінде сәттілік тілейміз!
"Book Taste" сайысы
"Мейірім шашқан кітаптар әлемі" апталығы аясында 8-9 сыныптар арасында "Book Taste" сайысы өткізілді. Сайыс барысында балалар өздеріне таратылған кітаптарды мазмұнына, атауына т.б ерекшеліктеріне қарай тағамдарға теңеп, жарнама жасады. "Болашақ кітапханасы" атты шағын жоба қорғап, ұсыныстарын ортаға салды. Белсенді қатысып, тың идеяларымен ерекшеленген оқушылар дипломдармен марапатталды.
1-сынып оқушыларын Гимназистер қатарына қабылдау
15 сәуір күні жылдар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша 1-сынып оқушыларын Гимназистер қатарына қабылдау салтанаты өткізілді. Оқушылар гимназия шәкірттеріне тән қылықтар мен жақсы әдеттер туралы өлеңмен жеткізіп, өнерлерін ортаға салды. Ал бүлдіршіндерді гимназистер қатарына қабылдау рәсімі түрлі білім додаларында топ жарған дарынды оқушыларға берілді. Салтанатты жиыннан кейін оқушылар мен ата-аналар Қ.Сәтбаев мүсініне гүл шоқтарын қойды.
"Кереку өңірінің аңызға айналған тұлғалары" атты апталығының қорытындысы
8-12 сәуір күндері өткізілген "Кереку өңірінің аңызға айналған тұлғалары" атты қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы 5-7 сыныптар арасындағы "Туған өлке тұлғаларын танимын" атты зияткерлік ойынмен және әдеби кешпен қорытындыланды. Кеш соңында апта бойы өткізілген шаралардың, әлеуметтік желідегі және түрлі облыстық білім додаларында жеңімпаз атанған оқушылар марапатталды. Бірлестік мұғалімдеріне алғыс білдіреміз.
Облыстық жаппай диктант жазу байқауының жүлдегері
2019 жылдың 13 наурыз күні Назарбаев зияткерлік мектебінде жаңа әліпбиді насихаттау мақсатында және академик Қ.Сәтбаевтың 120 жылдығына орай өткен облыстық жаппай диктант жазу байқауында гимназиямыздың 9 сынып оқушысы Жандарбек Акрам жүлделі ІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! Жетекшісі Нургалиева Дария Амантаевна.
Қ.Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған "Қаныш және Қазақстан" конференциясы
11 сәуір күні гимназиямызда Қ. Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған "Қаныш және Қазақстан" конференциясы өтті. Конференцияда Жандарбек Акрам академиктің зор еңбегі мен артына қалдырған мол мұрасына тоқталса, Мұқышев Жанболат жерлес ғалым Шапық Шөкиннің зор еңбегін, ал Калиякбарова Гүлназ Әлкей Марғұланның ғылым жолындағы мол мұрасын таныстырып өтті. Ұйымдастырушы қазақ тілі мұғалімі Нургалиева Дария Амантаевна.
Мектепішілік "Кіші Сәтбаев олимпиадасы"
10 сәуір күні гимназиямызда академик Қ.Сәтбаевтың 120 жылдығына орай "Жаратылыстану-математикалық бағыт" бойынша 5-7 сыныптар арасында мектепішілік "Кіші Сәтбаев олимпиадасы" өткізілді. Жалпы олимпиадаға 70 оқушы қатысып, 33 оқушы жүлделі орындарға ие болды. І орын - 7 оқушы, ІІ орын - 9 оқушы, ІІІ орын - 17 оқушы. Барлық жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз.