Қаныш Сәтбаев атындағы

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Виртуальная приемная
Заданно вопросов: 24
Новых вопросов: 0
Задать вопрос
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Голосовать
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 389
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 202
электрондық ресурстардан - 184
өздігінен білім алу - 134
Всего проголосовало: 1208
Смотреть результат
Жаңалықтар
11-сынып оқушылары ҰБТ-2025 нұсқаулығымен танысты
03-12-2024 16:27
11-сынып оқушылары ҰБТ-2025 нұсқаулығымен танысты
2024 жылдың 2 желтоқсан күні гимназияның 11а,11ә сынып оқушылары Ұлттық тестілеу орталығының ҰБТ-2025 нұсқаулығымен танысты. Нұсқаулыққа сай жасалған көрсетілім бойынша С.Джамалбаева, К.Тулеубаева сөз алды. Көрсетілімнен ҰБТ мерзімдері, ҰБТ форматы, тестілеуге кіргізу, ҰБТ-да тыйым салынған заттар, өтініш беру мерзімдері, өтініш беру үлгісі, тестілеу уақыты мен үзілістер, апелляцияға өтініш беру, ҰБТ бейіндік пәндер комбинациялары, конкурс бойынша білім беру гранты, толық оқу мерзіміне түсу үшін
Халықаралық IELTS емтиханын сәтті тапсыруымен құттықтаймыз!
02-12-2024 18:33
Халықаралық IELTS емтиханын сәтті тапсыруымен құттықтаймыз!
Халықаралық IELTS емтиханын сәтті тапсыруымен құттықтаймыз! Ағылшын тілінің магистрі, педагог-шебер санатындағы ұстаз Нургалиева Салтанат Еркиновнаға алғыс білдіреміз. Айта кетсек, ұстаз шәкірттері халықаралық IELTS емтиханын тапсыруды дәстүрге айналдырған.
“First Kazakhstan 2024-2025” өңірлік кезеңі
02-12-2024 18:10
“First Kazakhstan 2024-2025” өңірлік кезеңі
30 қараша күні Павлодар қаласында Робототехникадан “First Kazakhstan 2024-2025” өңірлік кезеңі өтті. First Dive атты маусымына облысымыздың оқушыларынан тұратын 25 команда қатысты. First League Challenge санаты бойынша қатысқан гимназиямыздың “Самғау “ командасы сайыстың барлық бағытында шеберліктерін көрсетіп, “ Innovation Project Award“ номинациясына ие болды. Команда мүшелерін және жетекшісі Атик Б. В. құттықтаймыз!
Халықаралық IELTS емтиханын сәтті тапсыруымен құттықтаймыз!
02-12-2024 17:23
Халықаралық IELTS емтиханын сәтті тапсыруымен құттықтаймыз!
Халықаралық IELTS емтиханын сәтті тапсыруымен құттықтаймыз!
“Әдеби аквариум” танымдық ойыны
02-12-2024 17:13
“Әдеби аквариум” танымдық ойыны
“Балалар кітапханасы” жобасына орай 7 “ә” сынып оқушыларымен “Әдеби аквариум” танымдық ойыны өткізілді. Аквариумдағы кейпкерлердің есімдері жазылған балықтарды ала отырып, оқушылар қандай шығармадан, шығарманың авторы және кейіпкерге мінездеме берді. Шараны ұйымдастырған кітапханашы Г.Женаева
“Құқық еліне саяхат” шарасы
29-11-2024 15:39
“Құқық еліне саяхат” шарасы
Әділдік және жауапкершілік айының жоспарына сәйкес 6 сыныптарда “Құқық еліне саяхат” шарасы өтті. Қатысушылар бала құқықтарын біле отырып, басқаның да құқығын бұзбау керектігін, қорғай білу керектігін және өз әрекетіне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын түсінді. Шараны аға тәлімгер А. Зеркен мен әлеуметтік педагог А.Ахмарал ұйымдастырды.
Қалалық Өлкетану мұражайында “Ерлік сабағы” өтті
28-11-2024 17:19
Қалалық Өлкетану мұражайында “Ерлік сабағы” өтті
Ағымдағы жылдың 28-қарашасында мектебіміздің 7 “Б” сынып оқушылары қалалық Өлкетану мұражайында өткен “Ерлік сабағына” қатысты. Сабақ Қ.Камзиннің 105 жылдығына арналды.
Шет тілдер пәндері апталығының ашылуы
27-11-2024 17:09
Шет тілдер пәндері апталығының ашылуы
Шет тілдер пәндері апталығы 25 қарашада фойеде «Білім жәрмеңкесімен» ашылды: оқушылар шағын викторина сұрақтарына жауап беріп, дұрыс жауап бергендері тәтті сыйлықтармен марапатталды. Тіл апталығы түрлі шаралармен жалғасуда.
Облыстық Шәкәрім оқуларының жүлдегерлері
22-11-2024 16:11
Облыстық Шәкәрім оқуларының жүлдегерлері
Облыстық Шәкәрім оқуларында “Мен жаздым өлеңменен бірталай сөз” бағыты бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен 6”Б” сынып оқушысы Хуат Еркебұлан; “Ән өлшеуіш, өлең күміс” бағыты бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен 8”Б” сынып оқушысы Кайриден Жания; “Шәкәрім әлемі” эссе бағыты бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен 8”А” сынып оқушысы Алпысбай Айару марапатталды.
Облыстық мектептер арасында ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ
21-11-2024 16:21
Облыстық мектептер арасында ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ЛИГАСЫ волейбол бойынша облыстық мектептер арасында іріктеу жарысында 7-8 сынып ұлдары арасындағы турнирде жалпы командалық есепте жүлделі 3 орынға ие болды. Жетекшісі Зупар Жәнібек. Құттықтаймыз!
“Табиғи ресурстарды үнемді тұтыну” тақырыбында сынып сағаты
20-11-2024 18:05
“Табиғи ресурстарды үнемді тұтыну” тақырыбында сынып сағаты
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 6”Б” сыныбында “Табиғи ресурстарды үнемді тұтыну” тақырыбында сынып сағаты өтті.
“Спорт есірткіге” қарсы ұранымен спорттық сайыс
20-11-2024 16:42
 “Спорт есірткіге” қарсы ұранымен спорттық сайыс
“Біртұтас тәрбие” жоспарына сәйкес Мектеп парламенті мүшелері 5-6 сыныптарда “Спорт есірткіге” қарсы ұранымен спорттық сайыс ұйымдастырды. Оқушылар шапшаңдық пен ептілік, топта бірлесе әрекет ету мен жылдамдықтарын көрсете білді. Сайыс қорытындысында: 1 орын- 5”А” сынып; 2 орын- 6”Ә” сынып; 3 орын-6”А” сынып. Мектеп Парламенті СӨС фракциясы мүшелері барлық қатысушыларды дипломмен және тәтті сыйлықтармен марпаттады.